21
4. Түсіндіру iскерлiгi
–
сөз, мимика, пантомимика арқылы оқу материа-
лын анық, дәл, түсінікті, қызықты
етіп баяндауы, оқушылардың білім алуға
ынтасын ояту.
5. Ұйымдастыру іскерлігі
–
1) оқушылар коллективін ұйымдастыру, бір
мақсатқа бiрiктiре алу; 2) жұмысты анықтау, тапсырма беру, бақылау, қоры-
тындылау, бағалау, жағымды психологиялық жағдайды туғызу.
6. Зерттеушілік іскерлігі
–
педагогикалық құбылысқа ғылыми тұрғыдан
қарау, ғылыми болжам жасау, жобалау, эксперимент жасау, озат тәжірибелер-
дi үйрену т.б.
Бұлардан тыс оқытушының
бойында
білімділік, интелектуалдық, бел-
сенділік, жаңаны жақтаушылық, творчестволық ынтымақтастық, өз
бетінше педагогикалық білім алуға ынталылық
сияқты
қасиеттер
болуы
керек.
Оқытушы
педагогтық такт, байсалдылық, педагогикалық әдеп, өзін-өзі
билеу, педагогикалық ойлау, өз әрекетiне талдау жасау
сияқты
кәсіптiк
сапаларға
ие болуы керек.
Міне, осы бiрiн-бipi толықтыратын педагогикалық iскерлiктер, қасиет-тер,
сапалар жиынтығы педагогикалық қабілет деп аталады. Педагогикалық
қабілеттi үнемі дамытып отыру нәтижесiнде оқытушы педагогикалық шебер-
лікке ие болады.
1.2.4. Педагогикалық шеберлiктi меңгеру жолдары.
Басқа мамандық иелеріне қарағанда оқытушылар өз білімдерiн және жұ-
мыс әдістерiн жаңартып отыруы қажет. Себебi оқытушылық қызмет үнемі өсіп,
дамып отырушы адаммен байланысты. Сырттан қарағанда оқытушының еңбегі
бip қалыпты сияқты
–
ол баланы оқытады, тәрбиелейдi. Ал, шын мәнін-де оның
әрбір сабағы қайталанбайды. Сол кездегі оқушы, көңіл-күй, жағдай, қарым-
қатынас екiншi рет дәл сондай болмайды. Сондықтан шебер оқытушы болудың
дайын рецепті жоқ. Бұл күнделiктi, қажырлы еңбектің нәтижесiнде жылдар
бойы жинақталады.
22
Бiз қазіргі педагогикалық шеберлiктi қалыптастырудың
бірнеше жолда-
рына тоқталамыз.
Алдымен, адамның бойында оқытушылық мамандығына бейiмділік болуы
керек.
Екіншіден, мұғалім сабақ беру методикасын меңгеруi керек. Әрбір сабақ-
ты жаңа материалдармен толықтырып отыруы керек.
Үшіншіден, оқытушы озат мұғалімдердің іс-тәжірибелерiн оқып-үйреніп,
педагогикалық-методикалық әдебиеттермен танысып баруы керек.
Төртіншіден, оқытушы өзiнің сөзіне, жүріс-тұрысына, бет-әлпетіне, киi-
мiне ұқыпты болуы керек. Педагогикалық мамандыққа жат қылықтардан аулақ
болуы керек.
Бесіншіден, педагог қандай жағдайда да педагогикалық такт пен педаго-
гикалық этиканы сақтай алуы қажет.
Алтыншыдан, оқытушы салауатты өмip сүріп, қоғамның белсендi мүшесi
болуы керек.
Жетіншіден, мұғалім творчестволық жұмыс істeyгe әдеттенуi керек.
Do'stlaringiz bilan baham: