Өзбекстан Республикасы Халыққа білім беру министрлігі Ташкент облысы Халыққа білім беру басқармасы



Download 1,8 Mb.
bet2/10
Sana02.06.2022
Hajmi1,8 Mb.
#630279
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Bog'liq
Дилорам китап

ІI. Негізгі бөлім1. БАСТАУЫШ СЫНЫПТЫҢ МАТЕМАТИКА САБАҒЫНДА ЕСЕПТІ ШЕШУДІҢ ӘРТҮРЛІ ТӘСІЛДЕРІ. 1.1.Есептің маңызы және ерекшелігі.
Бастауыш мектепте оқушылар алғаш рет 1-сыныптағы «Нөмірлеу» такырыбында «есеп» терминімен және оның құрама бөліктерімен, сондай-ақ есепті шешу процесінің негізгі кезеңдерімен таныстырылады. Ал төрт жылдық бастауыш мектептің бағдарламасы бойынша, бұл мәселе «10 көлемінде қосу мен азайту» тақырыбы оқытыла бастағанда енгізілді. Мұның өзі 6 жастағы балалардың жас ерекшелігінен және есепті енгізуге арнайы дайындықтың қажеттілігінен туындап отыр. Басты мақсаты — есеп терминін енгізу есептің құрама бөліктерімен (шарты, сұрағы), оны талдау

4
және шешудің негізгі кезеңдерімен (есепте не белгілі, не белгісіз,


белгісізді қалай табады, шешуін жазу, есеп сұрағына жауап беру) таныстырып, оны шығару барысында орындалатын іс-әрекеттің үлгісін көрсету.
Мұнда оқушылар назарын есептің мәнді ерекшелігіне аударған жөн. Ол есеп тексін мұғалімнің хабарлауынан кейін, оның құрама бөліктерін, яғни шарты мен сұрағын бөліп көрсетіп, сұраққа жауап беру үшін қандай да бір арифметикалық амалды орындаудың кажеттігін окушылардың сезінуін қамтамасыз ету. Ол үшін мұғалім тақта алдына бір оқушыны шақырып алады да оның қолына қағаз жәшікті ұстатады. «Дананың қолындағы жәшікте 4 кітап бар еді (кітаптарды көрсетеді) — оны біз білеміз. Мен оған тағы 2 кітап беремін (көрсе-теді). Дана бұл кітаптарды да жәшікке салды — мұны да біз білеміз. Жәшіктегі кітаптар нешеу болды? Бұл жөнінде әлі ешнәрсе айтылған жоқ, бұл белгісіз». Балалар, біз есеп құрастырдық. Есепте не белгілі, не белгісіз екенін айыра отырып, оны қайталап шығайық.
Мұғалім: Бізге не белгілі?
Оқушы: Жәшікте 4 кітап болғаны және мұғалім тағы 2 кітап бергені (сәйкес цифрлы карточка көрсетіледі немесе қалталы полотноның бір қатарына қойылады).
Мұғалім: Есепте нелер белгілі болса, ол — есептің шарты (оны оқушылар қайталап айтады).
Мұғалім: Есепте не сұральш отыр?
Оқушы: Жешіктегі барлық кітап нешеу болды?
Мұғалім: Бұл — есептің сұрағы, ал сұрақсыз есеп болмайды. Сонымен есептің шарты мен сұрағы болады. Енді есептің сұрағына жауап беру керек.
Мұғалім: Балалар жәшікте канша кітап бар еді? (Оқушылар зат пен санды сәйкестендіреді): «4 кітап — 4 саны».
Мұғалім: Не өзгерді?
Оқушы: Жәшікте 4 кітап бар еді, оған тағы 2 кітап салынды, яғни жәшікте 4 және тағы 2 кітап болды.
Мұғалім: Оны қалай жазып көрсетуге болады?
Оқушы: 4 + 2 (кеспе цифрлар мен қосу амалының таңбасы арқылы
5
құрылатын мысалды әр оқушы өзіндегі материалдарды пайдаланып өздері құрастырады, ал мұғалім оны қалталы полотнода көрсетеді). Оқушылар үйренген есептеу тәсілін қолданып нәтижені табады. Мүғалім балалардың назарын 4 + 2 = 6 жазуына аударады да бұл — есеп шешуінің жазылуы дейді.
Мұғалім: Жәшіктегі кітаптар нешеу болды?
Оқушы: Жәшікте 6 кітап болды.
Мұғалім: Бұл — есеп сұрағының жауабы. Сонымен, жәшікте барлығы
кітап болды, яғни біз есеп сұрағына жауап бердік — есепті шығардық.
Осыған ұқсас, сұрағына жауап беру үшін азайту амалын қолдану қажет болатын, «Сананың қолындағы жәшікте 6 кітап бар еді. Ол 2 кітапты Данаға берді. Санада неше кітап қалды?» есебі мұғалім басшылығымен, окушылардың қатысуымен шығарылады.
Есепті (қосындыны, немесе қалдықты табу) осылайша нақты көрнекілікке сүйене отырып шығару оның құрама бөліктерін және оны шығару процесін оқушыларға алғаш таныстырудағы тиімді методикалық тәсіл. Осыдан кейін оқулықтағы бір ғана сурет бойынша бір есеп, ал кейінірек қосынды мен қалдықты табу керек болатын екі есеп құрастырылады және шығарылады. Сонда амалды таңдап алуды жеңілдететін тәсіл ретінде әр түсті дөңгелектер және көрнекіліктің басқа да түрлері пайдаланылады[2,9].
Есептің құрылысы және оны шешу процесі жайындағы оқушылар түсінігін тиянақтай түсу мақсатында әр түрлі методикалық тәсілдер колданылады.
а) Бір оқушы есеп шартын айтады, екіншісі сұрғын қайталайды, үшіншісі есептің қандай амалмен шығарылатынын негіздеп береді, келесі оқушы шешуін жазады, ал соңғысы есеп сұрағының жауабын тұжырымдап береді, яғни пысықтау және қайталау «рольдер» бойынша орындалады.
ә) Есеп тексін мұқият тыңдауға оқушыларды үйрету жүзеге асырылады, ол үшін текст оқылысымен, іштен, не белгілі, не белгісіз екенін қайталап отыруға, есеп сұрағына жауап беру үшін не істеу керектігін, мұғалімнің қосымша сұрақ қоюын тоспай-ақ, өзі ойланып отыруға оқушыларды баулу.
6
б) Есепті шешу процесінің әр кезеңіне сай негіздеулер мен түсіндірмелер келтіруге оқушыларды үйрету мақсатында мұғалім тапсырманы тұжырымдап береді, ал балалар оны орындайды.
в) Қалталы полотно, кеспе цифрлар, амалдар мен теңдік таңбаларын пайдаланып, орындалған іс-әрекеттің нәтижесін көрнекі түрде көрсетіп беру арқылы есеп шешуін жазудың үлгісімен оқушыларды таныстыру.
г) Есептің құрама бөліктерін және оны шешудің негізгі кезеңдерін жеке-жеке бөліп көрсетуге оқушыларды машықтандыратын сигналдық
карточкаларды қолдану. Жоғарыда қарастырылған екі есеп бойынша құрылатын сигналдық-карточкадағы мәліметтер есепті оқу және оны шығару барысында біртіндеп мынадай таблица түрінде жазылады:
4 2 ? 6 2 ?
4+2 = 6 6—2=4
6 4
шарты шарты
сұрағы сұрағы
шешуі шешуі
жауабы жауабы
д) Есеп тексін оқу машығы қалыптасқан кезде жай есепті шығаруда басшылыққа алатын нұсқаулар жазылған ескертпені қолдану. Ол ескертпеде есепті шығарудың негізгі кезеңдері ерекше көрсетіледі:
1. Есептің тексін мұкият оқып шық.
2. Есепте не берілгенін анықта, яғни есеп шартын есіңе түсір.
3. Есепте не белгісіз екенін анықта, яғни есептің сұрағын есіңе түсір.
4. Есепті шығару үшін қандай амал қолдану керектігін негіздеп және түсіндіріп бер.
5. Есепті шығар да оның шешуін жаз.
6. Есеп сұрағының жауабын бер.
7. Есептің дұрыс шығарылғандығын тексер.
е) Берілген сұрақ (мысалы, «Екі қораптың ішінде қанша қарындаш бар?», «Екі конверттің ішінде неше открытка бар?») бойынша есеп шартын құрастыру немесе берілген шарты бойынша есеп сұрағын тұжырымдау
7

сияқты жаттығулар қарастыру.


ж) Есепке сәйкес жазуды орындауға оқушыларды біртіндеп үйрету. Ол үшін есеп мазмұнын баяндау кезінде мұғалім заттарды, суреттерді, санақ материалдарын сәйкес жазуларда (берілгені, сұрағы, шешуі) қолданады. Өз тәжрібемнен келіп биринші сынып оқушыларында қолданыла корілді.

Download 1,8 Mb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©hozir.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling

kiriting | ro'yxatdan o'tish
    Bosh sahifa
юртда тантана
Боғда битган
Бугун юртда
Эшитганлар жилманглар
Эшитмадим деманглар
битган бодомлар
Yangiariq tumani
qitish marakazi
Raqamli texnologiyalar
ilishida muhokamadan
tasdiqqa tavsiya
tavsiya etilgan
iqtisodiyot kafedrasi
steiermarkischen landesregierung
asarlaringizni yuboring
o'zingizning asarlaringizni
Iltimos faqat
faqat o'zingizning
steierm rkischen
landesregierung fachabteilung
rkischen landesregierung
hamshira loyihasi
loyihasi mavsum
faolyatining oqibatlari
asosiy adabiyotlar
fakulteti ahborot
ahborot havfsizligi
havfsizligi kafedrasi
fanidan bo’yicha
fakulteti iqtisodiyot
boshqaruv fakulteti
chiqarishda boshqaruv
ishlab chiqarishda
iqtisodiyot fakultet
multiservis tarmoqlari
fanidan asosiy
Uzbek fanidan
mavzulari potok
asosidagi multiservis
'aliyyil a'ziym
billahil 'aliyyil
illaa billahil
quvvata illaa
falah' deganida
Kompyuter savodxonligi
bo’yicha mustaqil
'alal falah'
Hayya 'alal
'alas soloh
Hayya 'alas
mavsum boyicha


yuklab olish