Лекция Жалпы инновация түсінігі. ҚР инновациялық қызметтер туралы заңы. Инновациялар мен инновациялық тиімділік түрлері



Download 428,67 Kb.
bet11/41
Sana23.02.2022
Hajmi428,67 Kb.
#181505
TuriЛекция
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   41
6 лекция
4. Инновациялық қызметті басқарудағы кедергілер және ынталандырушы факторлар.
5. Кәсіпорынның инновациялық қызметін ұйымдастыру және басқару.
6. Ірі инновациялық лидер компаниялардың инновациялық менеджменті және инновациялық қызметті басқару принциптері.

4. Жиырмасыншы жүз жылдықтың 90-жылдары ғылыми-технологиялық әлеуеттi әлсіретуге, ғылымды қажетсiнетiн өндiрiстердiң дағдарысына әкелген, Қазақстанда ғылыми-технологиялық дамытудың маңызды стратегиялық бағыттарындағы зерттеулердi күрт қысқарту, ғалым беделiнiң және ғылыми нәтижелердiң сұранысқа ие болуының құлдырауы, кәсiпорындардың инновациялық белсенділігінің төмендеуi, мамандар мен зияткерлiк меншіктердi шетелге қайтару болды.


Инновациялық процестердi басқаруға кешендiк, жүйелiк әрекет етудiң болмауы елдің инновациялық әлеуетiн дамытуды тежейдi және оны одан әрi дамытудың басымдықтарын дұрыс бiлдiруге мүмкiндiк бермейдi.
Шешiм таппауы отандық инновациялық әлеуеттiң дамуына терiс әсер ететін мынадай негізгі проблемаларды бөлуге болады:
оларды тұтынушылардың талап етуі үшiн оларды рынокқа шығару мақсатында технологиялар мен өнiмдердiң көпшiлiк ғылыми әдiстемелерiнiң аяқталмауы. Бұл әлеуетті серiктестердiң көз алдында ұсынылған технологиялардың (немесе өнiмдердiң) құнын күрт төмендетедi.
технологиялық жаңа ендірмелерді енгiзудiң және оларды рынокқа шығарудың қазіргі заманғы тетiгiнiң болмауы. Нарықтық жағдайлардағы жаңа ендірмелерді игеру тетігі жоғарғы тәуекел, бiрақ табысты жағдайда жоғары қайтарым тән болатын шағын инновациялық нарықпен үздiксiз байланысты. Дамыған экономикаларда шағын инновациялық кәсiпкерлiктi дамыту үшін қажетті жағдайды (инфрақұрылымды) қамтамасыз ететiн халық шаруашылығының ерекше секторы жұмыс iстейдi.
инновациялық жобаларға жәрдемдесетiн, технологиялық парктер және мамандандырылған бизнес-инкубаторлар, тәуекелдiк қаржыландыру қорларының желісі (венчурлiк қорлар), олардың жылдам өсу кезеңiндегi фирмаларды қолдаудың арнайы қаржылық тетіктері, фирмаларды және зияткерлік меншікті сертификацияланған бағалаушылар және басқалары сияқты, дамыған инфрақұрылымдық элементтердiң болмауы;
ішкі рынокта озық технологияларға және өнеркәсіптік жаңа ендірмелерге төлем қабілетті тапсырыстың болмауы. Ғылым және ғылыми-техникалық қызмет қызметтер саласына жатады және бұл қызметтердi рынок талап етуi тиiс. Өкiнiшке орай ғылыми қызметтер мен ғылымды қажетсiнетiн өнiмдердiң отандық рыногы қазiргi уақытта өте аз. Кәсiпорындардың көпшілігі ғылымның қызметтерiн "сатып ала" алмайды.
Инновациялық жүйе қалыптастыруға жүйелiк әрекет жасауды iске асыру үшiн мемлекет тiкелей немесе жанама қатысу арқылы инновациялық саясатты тиiмдi iске асыра алатын, оның негізгі кiшi жүйелерiн бөлу және қайта талдау қажет.
Инновациялық жүйе әрқайсысы тиiсiнше осындай элементтердi қосып алатын мынадай негiзгi кiшi жүйелерге бөлiнедi:
ғылыми әлеует коммерциялық пайдалану деңгейiне дейiн iргелiк әзiрлемелердi "жетілдiрудi" жүзеге асыратын қолданбалы зерттеулердiң дамыған саласын құру жолымен инновациялық даму үшiн сөзсiз қажеттi фактор қалыптасады;
ғылыми әлеует мыналарды қамтиды:

  • мемлекеттiк ғылыми ұйым - ұлттық ғылыми орталықтар, ғылыми-зерттеу институттары, жоғарғы оқу орындары, жобалық институттар;

  • ұлттық компаниялар жанындағы ғылыми ұйымдар, iрi кәсiпорындар жанындағы зертханалар;

  • жеке ғылыми-зерттеу және жобалық институттар;

  • ғылыми зерттеулермен айналысатын шағын және орта кәсiпкерлiктер;

  • ғылыми кадрлар және дербес өнер тапқыштар;

  • материалдық-техникалық база;

Бүгiнгi күнi елдің ғылыми әлеуетi Білiм және ғылым министрлiгiнiң, салалық министрлiктердiң ғылыми ұйымдарымен, жеке ғылыми-зерттеу ұйымдарымен, шаруашылық жүргiзу құқығындағы сәйкес бейiмдi институттарының қызметiн үйлестіретiн ғылыми зерттеулер бағыттары жөнiндегi зерттеу орталықтарымен, сондай-ақ ұлттық компанияның қарамағындағы ғылыми-зерттеу институттарымен (бұдан әрi - ҒЗИ) танымал.
инновациялық кәсiпкерлiк ғылыми-техникалық және өндiрiстiк салалар арасындағы (делдалдық) рөлдердi байланыстыратын дамуды көздейдi. Инновациялық кәсiпкерлiктiң түпкі мақсаты жаңа буынның рыноктың ағымдағы конъюнктуралық ахуалына жедел ден қоюға және бәсекеге қабілетті ғылымды қажетсiнетiн өнiмдi сериялық өндiрудi және әлемдiк стандарттар деңгейiндегi жоғарғы сұранысты жолға қоюға қабiлеттiк кәсiпорындарды дамыту болып табылады;
инновациялық кәсiпкерлiк мыналарды қамтиды:

  • бизнес-серілер;

  • кәсiпорындар;

  • инновациялық менеджерлер;

  • инновациялық қызметтi iске асыру үшiн қызмет көрсететiн және жағдайларды қамтамасыз ететiн өзара байланысты өндiрiстiк, консалтингтік, білiм және ақпараттық құрылымдардың кешенi айқындалатын көп деңгейлi инновациялық инфрақұрылым;

  • инновациялық инфрақұрылым мынадай элементтерден тұрады:

  • ұлттық технологиялық парктер;

  • өңiрлiк технологиялық парктер;

  • технологиялық бизнес-инкубаторлар;

  • ғылым қалашықтары;және с.с.

инновациялық кәсiпкерлiктi және инфрақұрылымды тiкелей және жанама мемлекеттік қолдаудың әртүрлi тетiктерiнiң ұштастырылуына негізделген инновациялық-технологиялық даму саласындағы ғылыми-өндiрiстiк және бiлiм беру процестерiн кешендiк қаржыландыруды қамтамасыз ететiн қаржылық инфрақұрылым.
қаржылық инфрақұрылым мынадай элементтерден тұрады:

  • мемлекеттiк даму институттары;

  • венчурлiк қорлар;

  • кәсiпорындар;

  • жеке кәсiпкерлер;

  • екiншi деңгейдегі банктер;

  • және басқалары.


5. Ұйымдастыру функциясының мәні қабылданған инновациялық кәсіпорындардың даму стратегиясын амалға асыру мақсатында бекітілген жоспар тапсырмаларын орындалуын қамтамасыз етуде. Бұл үшін қажетті ресурс және орындаушылар құрамын белгілеу, тапсырмаларды үйлестіру, орындаушылардың жұмысын уақыт аралығында үйлестіру, өзара ақпарат және бақылауды қамтамасыз ету қажет. Аталып өткен мәселелерді орындау инновациялық қызметті ұйымдастыру құрылымын құру оның элементтері арасындағы қарым-қатынас сипатын, тәртіпті реттеу және олардың жұмыс істеу жағдайларын орнату арқылы амалға асады.
Инновациялық қызметті ұйымдастыру инновациялық менеджменттің маңызды функцияларының бірін құрайды. Инновациялық менеджментте ұйымдастыру инновациялық процестің барлық элементтерін уақыт және кеңістікте тиімді үйлестіруді қамтамасыз етеді. Жұмыс тақырыбының мазмұнына байланысты, инновациялық менеджментте ұйымдастыру икемді болуы керек.
Инновациялық менеджменттің казіргі замаңғы теориясы мен практикасы инновацияны ұйымдастырудың әр түрлі үлгілері мен түрлеріне ие. Инновацияны ұйымдастыру түрлерін жіктеуде және жүйелеуде маңызды нышандар болып ұйымдастыру шешімдерінің мәселелері, түрлері және әдістері есептелінеді.
Ұйымдастыру шешімдерінің мәселесіне байланысты олар кеңістікте (қай жерде? кім?) және уақыт аралығында деп (қашан?) бөлінеді.
Инновациялық процесті кеңістікте ұйымдастыру, амалға асырылатын жобалардың мінездемесіне және қарқынына сай инновациялық кәсіпорынның ұйымдастырылу құрылымын қалыптастыруды білдіреді. Ұйымдастырылу құрылымы дегенде инновациялық кәсіпорын элементтерінің құрамы мен байланыс түрлері түсініледі.
Құрылымның элементтері болып инновациялық кәсіпорынның жеке басшылары, жұмысшылары, қызметтері және бөлімдері саналады.
Ұйымдастырылу құрылымы екі бір-бірімен байланысты құрылымдық бөлімшелерден тұрады: инновацияларды басқару құрылымынан және инновациялық кәсіпорынның ғылыми-өндірістік құрылымынан.
Инновациялық салада инновацияларды басқару құрылымы басқарушылық қызметі үлестіру және байланыстыру түрі ретінде анықталады. Ол өзіне басқару органдарының құрамын және олар арасындағы қарым-қатынас сипатын қамтиды. Инновацияларды басқару құрылымын қалыптастыруда құрылым түрі таңдалады, басқару органның құрамы мен функциялары анықталады, әр түрлі деңгейдегі басқарушылар арасында уәкілдік бөлінеді, инновацияны басқару органдарын ақпараттық қамсыздандырылады.
Инновация саладағы басқару құрылымдардың көпшілігі иерархия сипатына ие және әр түрлі деңгейдегі басшылардың басқару еңбегін бөлісуге және басшылардың жауапкершілігіне негізделеді.
Инновациялық кәсіпорындарда ғылыми-өндірістік құрылым, ондағы негізгі ғылыми және өндірістік бөлімшелердің құрамы мен олардың арасындағы қарым-қатынас сипатымен анықталады. Бөлімшелердің құрамы инновациялық кәсіпорын амалға асыратын инновациялық процесс ерекшелігіне және қызметінің қарқынына байланысты.
Инновациялық қызметті ұйымдастыруда алдымен фирманың ғылыми-өндірістік құрылымы қалыптастырылады, одан кейін инновацияларды басқару құрылымы құрылады. Инновациялық кәсіпорындардың ұйымдастырушылық құрылымдары едәуір әртүрлігімен ерекшелінеді. Инновациялық кәсіпорынның белгілі ұйымдастырушылық үлгісін таңдау инновациялық қызметтің қарқыны, фирманың инновациялық қырының тереңдігі, өндірілетін өнім немесе қызмет ерекшелігіне, кооперация деңгейімен орындалатын жұмыстың инновациялық циклының толықтылығымен байланысты.
Инновацияны ұйымдастыру нысандары дегенде - белгілі иерархиялық ұйымдастырылу құрылымымен инновациялық процесті басқару механизмі ерекшелігімен сипатталатын кәсіпорындар кешені, бөлек кәсіпорындар, немесе олардың бөлімшелері түсініледі.
Ғылым саласындағы инновациялық процесті ұйымдастырылу нысандары өзіне (мақсаттарына байланысты) әр түрлі бөлімшелер қүрамын камтиды. инновациялық процесті ұйымдастырылу нысандары келесілермен ерекшелінеді:
- жаратылатың инновациялар өзгешелігімен (жаңа техника, жаңа технология, жаңа материалдар, жаңа экономика-ұйымдастырушылық шешім, т.с.с.);
- инновациялық процесті қамту тереңдігі (ФЗ, іс жүзінде ҒЗЖ, жобалау жұмыстары, тәжірибе өндірісі, меңгеру,амалга асыру);
- басқару деңгейімен (халықаралық, республикалық, салалық, аймақтық,
кәсіпорындар бірлестіктері, кәсіпорындар және бөлімшелер);
- бөлімшелердің территориалды орналасуы (әр түрлі географиялық және экономикалық аймақтарда немесе бір аймақта);
- кәсіпорын бөлімшелерінің иерархиялык байланыстар формасымен (сызықтық, көлденең, аралас);
- кәсіпорында басым болған мүлік түрімен (мемлекеттік, муниципалдық, акционерлік, аралас, жеке).
Инновацияны ұйымдастыру нысандарының бір түрі болып қаржылық өндірістік топтар есептелінеді. Қаржылық-өндірістік топтардың құрылыу экономиканы құрылымдық қайта құрумен және ұлттық экономиканы экономикалық өсуін ынталандыратын салаларды қолдаумен байланысты. Бұл жаңа ұйымдық құрылым өндірістік кәсіпорындарды, банктерді, сауда ұйымдарын қамтиды. Қаржылық-өндірістік топтардың ерекшеліктері олардың өзбетінше өзін өзі дамытатын ұйымдар реттінде жұмыс атқаруларында. [14]
Мысалы, өнім өндіру технологиясы бар, бұл технология көп операцияларды талап етеді (құрастыру, шикізатты қайта өндеу, дайын өнім шығару). Дайын өнім шығару үшін осы технологияны амалға асыру қажет. Бұл жерде, бір бүтін технологиялық циклге (технологиялық тизбегке) байланысқан кәсіпорындар тобын қалыптастыру қажет.
Технологиялық тізбекті – қаржылық өндірістік топтын басқару компаниясы қалыптастырады.Технологиялық тізбекті құру келесі кезеңдерден тұрады:
Ең алдымен технологиялық тизбек қызмтінің мақсаты анықталып технологиялар меңгеріледі. Келесі атқарылатын жұмыс орындаушы кәсіпорынды табу (контрагенті). Контрагент - өзіне белгілі бір міндеттемелерді шарт бойынша алатын адам, немесе мекеме. Контрагенттерді таңдау үшін әр бір потенциалды қаржылық өндірістік топ қатысушысының жұмыс істеу жөнінде ақпарат алып оны талдау қажет. Ол ақпарат келесілерді қамтиды:

  • контрагент басшысы жөнінде мәлімет;

  • шығарылатын өнім номенклатурасы;

  • алдынғы 4 квартал бойынша қаржылық есепті;

  • активтер және пассивтер құрылымын;

  • құрал жабдықтарының жағдайы;

  • технологиялық циклдің ұзақтығының көрсеткіштерін;

  • өнімнің баға құрылымын;

  • басқа өндірістер мен қарым-қатынастар жайлы мәлімет.

Контрагенттерді конкурстық таңдауда негізгі критерий болып технологиялық құндылық (Ктқ) есептеленеді.
Ктқ = Н / Ш · ТЦҰ
Н – технологиялық цикл шенберінде қолдануы мүмкін болған өнім өндірісінің нәтижесі (осындай өнімді сатудан түскен табыс) тенге.
Ш – технологиялық цикл шенберінде қолдануы мүмкін болған өнім өндірісіне кеткен шығындар (өзіндік құны) тенге.
ТЦҰ – технологиялық цикл шенберінде қолдануы мүмкін болған технологиялық цикл ұзақтығы – күн.
Технологиялық құндылық – технологиялық цикл шенберінде қолдануы мүмкін болған өнім өндірісінің әр күндік тиімділігін сипаттайды.
Дұрыс шешім қабылданғаннаң соң контрагент пен технологиялық тізбекке қатысу жөнінде келісім шарт жасалады.
Келесі кезең жобалау, ол процес бір неше кезеңдерден тұрады:

  • өндірістік схеманы жобалау;

  • жобаның күнтізбелік жоспарын жасау;

  • қаржыландыру схемасын жасау;

  • ұйымдастыру жоспарын жасау;

  • технологиялық тізбектің тіимділігін жобалау

Өндірістік процесті ұйымдастыру схемасының бір түрі реттінде қаржылық өндірістік топтың көлденен корпорациясы есептеленеді (Сүрет4). Көлденен корпорация концепциясы бөлімдер және функциялар арасындағы иерархияны және шекараларды жояды. Көлденен корпорация негізін менеджерлер «ядро»сы құрайды. Нәтижеде ұйым технологиялық тізбекке қатысатын персонал және жоғары басшы орталарында үш немесе төрт денгейіне ие болады. Корпорация жаңа өнімді жаратуды (тар мәселе принципі орнына) процесс бойынша ұйымдастырады. Өндірістік мақсат табыстылық мәселелерін және акционерлердің мүдделерін шешуге ғана емес клиенттерді қанағаттандыруға бағытталуы қажет.

Сүрет 4. Қаржылық өндірістік топ схемасы (көлденең корпорация)


Жоба жасалынғаннан кейін жобаның жетекшісі белгілінеді және қаржыландырудың қайнар көздері таңдалады.




Download 428,67 Kb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   41




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©hozir.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling

kiriting | ro'yxatdan o'tish
    Bosh sahifa
юртда тантана
Боғда битган
Бугун юртда
Эшитганлар жилманглар
Эшитмадим деманглар
битган бодомлар
Yangiariq tumani
qitish marakazi
Raqamli texnologiyalar
ilishida muhokamadan
tasdiqqa tavsiya
tavsiya etilgan
iqtisodiyot kafedrasi
steiermarkischen landesregierung
asarlaringizni yuboring
o'zingizning asarlaringizni
Iltimos faqat
faqat o'zingizning
steierm rkischen
landesregierung fachabteilung
rkischen landesregierung
hamshira loyihasi
loyihasi mavsum
faolyatining oqibatlari
asosiy adabiyotlar
fakulteti ahborot
ahborot havfsizligi
havfsizligi kafedrasi
fanidan bo’yicha
fakulteti iqtisodiyot
boshqaruv fakulteti
chiqarishda boshqaruv
ishlab chiqarishda
iqtisodiyot fakultet
multiservis tarmoqlari
fanidan asosiy
Uzbek fanidan
mavzulari potok
asosidagi multiservis
'aliyyil a'ziym
billahil 'aliyyil
illaa billahil
quvvata illaa
falah' deganida
Kompyuter savodxonligi
bo’yicha mustaqil
'alal falah'
Hayya 'alal
'alas soloh
Hayya 'alas
mavsum boyicha


yuklab olish