10
3. Аудан қарамағындағы қалаларға бөлінеді.
Мемлекетіміз астанасы – Ташкент қаласы Өзбекстан
Республикасы
қарамағындағы жалғыз қала болып саналады.
Қарақалпақстан Республикасы мен облыстар қарамағындағы
қалалардың қатарына, ереже бойынша кемінде 30 мың халқы
болған, маңызды әкімшілік мәнге ие, болашақты экономикалық
және мәдени орталықтар деп саналған қалалар енгізілуі мүмкін.
Хиуа мен Шахрисабз қалалары облыс қарамағына өткізілген ең жаңа
қалалар болып саналады (2017 жыл). Бұл шаралар Өзбекстан аумағында
орналасқан аталмыш көне қалаларға туристер ағымын айтарлықтай арттыру
мүмкіндігін береді.
Аудан қарамағындағы қалалардың қатарына, ереже бойынша,
кемінде 7 мың халқы болған, өнеркәсіп кәсіпорындары мен дамыған
инфраструктурасы бар елді мекендерін енгізілуі мүмкін.
Қалашықтарды, елді мекендерін аудан қарамағындағы қалалар қата-
рына енгізу, оларды қайта құру тиісті облыс әкімдерінің өтінішіне негізделе
Өзбекстан Республикасы Министрлер Кабинетінің ұсынысына сәйкес Олий
Мәжіліс тарапынан, ал Қарақалпақстан Республикасында –
тиісті аудан
әкімдерінің өтінішіне негізделе Қарақалпақстан Республикасы үкіметінің
ұсынысына сәйкес Жоғарғы Кеңес тарапынан жүзеге асырылады.
Қалашықтар қатарына өнеркәсіп кәсіпорындары, құрылыстар, теміржол
станциялары мен басқа қажетті нысандарға жақын жерде орналасқан және
ереже бойынша кемінде 2 мың халқы болған елді мекендері енгізілуі мүмкін.
?
1.
Қосымшада әдебиеттерден пайдалана отырып аумағы бойынша Өзбекстаннан
үлкен және кіші болған мемлекеттерді мүмкіндігінше көбірек тауып,
дәптеріңе жаз.
2.
Өзбекстан облыстарының қайсысында халық ең көп және ең аз, қайсысының
алаңы ең үлкен және қайсысынікі ең кіші екендігін оқулық қосымшасындағы
1-кестеден анықта.
3.
8-сынып контурлы картасында әкімшілік-аумағы құрылымы картасын боя.
Өзбекстан Республикасы, Қарақалпақстан
Республикасы астаналары мен
облыстар орталықтары болған қалаларды белгіле.
http://eduportal.uz
11
Сен 5-7 сынып табиғи география сабақтарында түрлі табиғи геогра-
фиялық карталармен істедің. Енді 8-сыныпта халық пен экономикаға сай
білімдерді үйренуде әлеуметтік-экономикалық географиялық
карта лардан
пайдаланасың. Бұл карталарда елді мекендері, пайдалы қазба кендері,
өнеркәсіп орталықтары, ауыл шаруашылығы мен байланыс жолдарының
аумақтық орналасуы көрсетіледі. Оларды карталарда бейне леу үшін нүк-
телер, картодиаграмма, картограмма сияқты өзіне тән әдіс терден
пайда-
ланылады.
Do'stlaringiz bilan baham: