§ 57, 153- бет. Сұраққа жауап жазу
29.04.2020
|
Дыбыстың түрлі мухиттарда таралуы
|
Тақырыпта оқушыларға дыбыстың түрлі мухиттарда таралуы туралы түсінік берілді. Дыбыс толқындары бойлық толқындар болып табылады. Дыбыс барлық ортада тарала алады. Қарапайым бақылаулар дыбыс әр түрлі ортада белгілі бір жылдамдықпен таралатынын көрсетеді.
|
§ 58, 158- бет. Сұраққа жауап жазу
|
01.05.2020
|
Дыбыс бірліктері
|
Тақырыпта оқушыларға дыбыс бірліктері туралы түсінік берілді. Дыбыстың қаттылығы неге байланысты болатынын анықтау үшін камертонды пайдаланамыз. Камертон – доға тәрізді қысқа сапталған металл таяқша, оның көмегімен дыбыс алуға болады.
Камертонның бір тармағын ұрсақ, белгілі бір дыбыс естиміз. Камертонды таяқшамен неғұрлым қаттырақ ұрсақ, ол соғұрлым қаттырақ дыбыс шығарады және камертонның тармақтары едәуір үлкендеу амплитудамен тербелетін болады.Камертонды ақырын ұру- амплитудасы кіші тербеліс тудырады, бұл кезде бәсең дыбыс шығады. Демек, дыбыс қаттылығы дыбыс шығаратын дененің тербелістер амплитудасымен анықталады. Дыбыс қаттылығын анықтайтын прибор (шкала) –децибелметр
|
162- беттегі сұрақтарға жауап жазу
|
6.05.2020
|
Дыбыстың қайтуы. Жаңғырық
|
Тақырыпта оқушыларға дыбыстың қайтуы, жаңғырық туралы түсінік берілді. Жарық сияқты дыбыста бір ортадан екінші ортаға өткенде түскен беттен қайтады. Қайтқан дыбысты жаңғырық дейді. Жаңғырық — қандай да бір кедергіден шағылған және бастапқы таралған орнына қайта оралған дыбыс толқындары. Дыбыс жақын аралықтағы кедергілерден шағылған кезде, ол алғашқы дыбыспен қосылады да, оны күшейтеді. Сондықтан үйдің ішіндегі дыбыс сырттағы дыбыстан қаттырақ болып естіледі.
Тыңдаушылар аз жиналған кең залда баяндамашының сөзі жаңғырып, түсініксіз болады. Қабырғалардан, орындықтардан шағылған дыбыс тындаушыларға бір мезгілде жетпейді. Осының нәтижесінде, алғашқы дыбысқа қарағанда тыңдаушыларға естілетін дыбыс ұзағырақ болып естіледі.
|
Тақырыпты оқып, сұрақтарға жауап жазу
|
8.05.2020
|
Музыкалық дыбыстар және шулар. Дыбыс және денсаулық
|
Тақырыпта оқушыларға музыкалық дыбыстар және шуылдар, дыбыс және денсаулық, архитектурадағы дыбыс туралы түсінік берілді. Камертондардың немесе басқа гармоникалық тербеліс жасайтын денелердің шығаратын дыбыстары музыкалық дыбыстар деп аталады. Музыкалық аспаптарда дыбыстар ауа бағанының тербелуі, ішектің тербелуі, керіп тартылған тертері немесе мембраның тербелісі және электронды аспаптардағы тербелістер. Олардан шығатын дыбыстардың жилігі, қаттылығы, тембрі әр түрлі болады. Жағымды күй мен әнді өте жоғары дауыспен айтса, ол шуылға айналады. Шу – әр түрлі жиіліктегі дыбыстардың ретсіз қабаттасуы болып табылады. Шу деңгейінің жоғары болуы құлақтың дыбыс қабылдауын нашарлатады және оның организмінің жүйке- психологиялық әрекетіне тигізетін зияны өте зор, оның байқаусыз әсері шу ауруына әкелуі мүмкін. Ғимараттарды жобалауда дыбыстың таралуына көңіл бөлінеді. Бұл саланы үйренетін ғылым бөлімі архитектура акустикасы деп аталады.
|
Сұраққа жауап жазу. Тарау соныңдағы тесттерді шешу.
|
13.05.2020
|
Есептер шешу.
|
. Дыбыс құбылыстарына байланысты есептер шешілді
|
Тест түзу
|
15.05.2020
|
Қайталау
.
|
Тарауды қорытындылауға арналған тест сұрақтары берілді.
|
Сұрақ-жауап түзу
|
20.05.2020
|
Бақылау жұмысы 8
|
Тақырыпта оқушыларға тест жұмысында түсетін есептерге ұқсас есептер шешіп көрсеттім. Бақылау жұмысында есептер шығаруда қолданылатын формулаларды жазып көрсеттім.
|
Берілген бақылау жұмысын орындау
|
22.05.2020
|
Қорытынды қайталау
|
Тарауды қорытындылауға арналған сұрақтарға жауаптар берілді, өтілген тарауға қорытынды жасалды
|
Қайталау
|