Әмір Темір
Орта Азиялық әмір, атақты қолбасшы,
Темір әулеті мемлекетінің негізін
қалаушы
Әмір Темір; Ақсақ Темір; Темірлан
(
қаз.
Темір бін-Тарағай Барлас;
өз.
Amir Temir ibn-
Tarag’ay;
пар.
ﮓﻨﻟ
رﻮﻤﻴﺗ
;
моң.
;
8 сәуір
1336 жыл
, Қожа-Илғыр ауылы, қазіргі
Шахрисабз
[2]
—
18 ақпан
1405 жыл
,
Отырар
) — атақты қазақ және өзбек
халықтарының билеушісі,
Темір әулеті
империясының негіздеушісі. 1370 жылы
Мәуереннахрды басып алып, 1405 жылға дейін 35 жыл билік құрған, 27 мемлекетті
қол астына бағындырған «әлем жаулаушысы». Шайқастардың бірінде Темірдің екі
саусағы кесіліп бір аяғы жаншылады. Аяғы өмір бойы сырқырап ауырып ақсақ болып
қалған. Ол Темирлан (дұрысы Темирленг, «ленг» парсыша-ақсақ)
Ақсақ Темір
атанады
[3]
.
Әмір Темір
өз.
Amir Temur ibn Amir Tarag'ay
парсы
:
ﮓﻨﻟ
رﻮﻤﯿﺗ
1370
—
1405
Ізашары
Хусейн
(
1364
–
1370
)
Ізбасары
Халил-Султан
(
1405
–
1409
)
Өмірбаяны
Діні
Ислам
,
суфизм
Дүниеге келуі
8 сәуір
1336
Мәуереннахрдағы Кеш қаласы, қазіргі
Шахрисабз
, Самарқан
Қайтыс болуы
18 ақпан
1405
(68 жас)
Отырар
Жерленд і
Гур Эмир
,
Самарқан
,
Өзбекстан
Династия
Темір әулеті
Әкесі
Мухаммад Тарағай
Анасы
Текина-хатун
Жұбайы
Турмуш ага,
Ульджай-туркан ага
,
Сарай-
мульк ханым
, Улус ага, Ислам ага, Туман ага,
Тугди-би, Дильшад ага, Чолпан-мульк ага,
Тукал ханым, Кутлуг ага, Туглук-текин
Балалары
ұлд ары
: Жихһангер (1356 — 1376)
Әмір Шейї (1356 — 1394)
, Мираншах (1366 — 1408)
Шаһрух (1377 — 1447).
қызд ары
:
Ука бегим
, Султан Бахт ага, Биги
джан, Саадат султан, Мусалла.
Әскери қызметі
Құрамынд а болд ы
Темір әулеті
империясы
Атағы
«Ұлы Әмір»,
Бек
,
Мырза
, Абу Мансур, Абу
Фатих, Абу Гази, Сахиб-и Кирани,
Қаған
, Гете
Стани, Султан, Искандар Ул Ахад,
Гурган
[1]
.
Шайқасы
Алд ыңғы (Батыс) Азияны жаулау
жорықтары
: үш жылдық (1386 - 1389)
бес жылдық (1392 - 1397)
және жеті жылдық (1399 - 1405) жасаған
жорықтары
Шайқастары
: Ыстықкөл батысындағы
шатқалдардағы шайқас
Кондурч өзеніндегі шайқас
Теректегі шайқас
Ангора шайқасы
Балха, Шибирган, Бадхиз, Сеистанды басып
алу
Қорасан, Серакс, Джами, Каусии, Исфераин,
Туе, Келат, Астрабад, Амули, Сари, Султании,
Тебризді басып алу
Азов, Кафу, Сарай-Бату, Астраханды қирату
Сивас, Алеппо, Дамаск, Смирнаны басып алу
Құрамынд а болд ы
Темір әулеті
империясы
Құрамынд а болд ы
Темір әулеті
империясы
ө ңдеу
(https://kk.wikipedia.org/w/index.php?title=%D3%98%D0%BC%D1%96%D1%80_%D0%A2%D0%B5%D0%BC%D1%96%D
1%80&action=edit§ion=0)
Әмір Темір (Темуридтер) империясының негізін қалаған Барлас руынан шыққан,
Барлас тайпасының биі Тарағай бектің баласы.
Барлас
руы түркі тілдес тайпаларына
жатқан, қазір ұрпақтары өзбек және қазақ халықтарының ішіне кіреді. Барластар
Шыңғысханның
жаулауы кезінде, қазіргі
Моңғолия
жерлерінен
Орта Азияға
көшкен.
Әмір Темірдің арғы атасы Қаражер бек еді, оның баласы Ижил бек еді, оның баласы
Әйлеңгір бек еді, оның баласы Беркел бек еді, оның баласы Мұхаммед Тарағай еді,
оның баласы Әмір Темір.
Темір барластардың бір бөлігінің бегі, жетекшісі еді. Кейін өзіне басқа бектерін
қаратты,
Шағатай ұлысының
хандары - Моғолстанның билеушілеріне қарсы
көтеріліс
бастаған. Темір басқарған жігіттер керуендеріне
шабуыл
жасаған, соңдықтан оны
жасында баспашы болды дейді. Бектердің бегі болып, Шағатай ұрпақтарынан
тәуелсіз мемлекет құрған. Бірақ
Шыңғысханның
тікелей ұрпағы болмағандықтан,
өзінің лауазымы "
хан
" емес, "
әмір
" еді.
[4]
Әмір Темір
1336 жылы
8 сәуірде
Мәуереннахрдағы Кеш қаласында, қазіргі
Шахрисабзда,
Самарқанның
оңтүстігінде орналасқан жерде дүниеге келген десе,
кейбір зерттеулерде Темір 1333 жылы 7 мамырда дүниеге келген. Ал Грановский өз
еңбегінде Темір Самарқанда 1336 жылы 9 сәуірде Шыңғысханның ұлының,
Шағатайдың иелігінде дүниеге келген деп келіп, ол қолына қан уыстап, шашы ақ
болып туған деп көрсетеді. Оның анасы Шыңғысхан тұқымынан шыққан, ал әкесі
шағатай тұқымындағы әміршілердің бірі болған, бірақ оған үлкен мұра қалдырмаған.
Әмір Темір мемлекеті
Шыққан тегі
Жастық шағы мен тұлға ретінде қалыптасуы
Темірдің туған жылы туралы монғол, қытай деректерінде 1333, араб, парсы
деректерінде 1336, ал еуропалық қайсыбір деректерде 1337 жыл деп жазылған.
Дегенмен, 1996 жылы ЮНЕСКО-ның шешімімен Өзбекстанда Әмір Темірдің 660
жылдық мерекесі болғанын ескеретін болсақ, оның дүниеге келуі туралы
деректердегі түрлі мәліметтер мен зерттеулер денінің негізінде Темірді 1336 жылы 9
сәуірде Шахрисабздың оңтүстік-батысында Қожа-Илғыр ауылында дүниеге келген
деген қорытынды жасауға болады. Темір кезеңіндегі тарихшылар оны Шыңғысхан
тұқымына жақын тұлға ретінде көрсеткісі келді, яғни оның Шыңғысхан әулетімен
туыстық байланысын қалыптастыруға тырысты. Клавихоның «Күнделігінде» де
Темірдің әкесі шағатай тұқымынан шыққан орташа топтағы танымал кісі болғанын
айтады. Ал Бартольд Темірдің әкесі Барлас руынан шыққан, мұсылман дінін ұстанған
Тарағай «ноян» немесе әмір болса, анасы Текене-хатун болған деп көрсеткенімен,
оның 1360 жылға дейінгі өмірін ашып көрсетпейді.
Әмір Темірге байланысты дерек көздерінде Темірдің монғолдық Барлас тайпасынан
деп көрсетеді. Монғолдың «Құпия шежіресінің» желісіне жүгінсек, Темірдің шыққан
тегі төмендегіше суреттеледі: «Барластар Боданчардың некесіз әйелінен туған Хачи
Хүлэгтен тарайды. Хачи Хүлэгтің ұлы Барулудай деген болыпты. Өзі мығым денелі,
тойымсыз мешкей болғандықтан Барулас атанады. Хачуланның бір ұлы алдына
қойған асын түгесіп жеп қоятындықтан оны үлкен Барулас, енді бірі алдындағы асын
тауысып жей алмайтындықтан кіші Барулас деп атаған. Кейін олардың арасынан
білімді Барулас, Тодойлық Барулас дегендер шығып, барлығы Барулас атанады»
делінген.
Рашид ад-Диннің
шежірелер жинағында Баруластарды Тумбинай шешеннің
үшінші ұрпағы Хачуланның ұлы деп көрсетеді. Зерттеушілер барластарды монғол
тайпаларының Нирундық тобына жатқызады. Шыңғысхан 1206 жылы Ұлы Монғол
мемлекетін құрғанда барластарды еліне ерен еңбек сіңірген осы тайпадан шыққан
түлегі Хубылайға ел етіп берген. Шыңғысханның 1219-1224 жылдары Орталық Азияға
жасаған шабуылы кезінде барластың еркек кіндіктері монғол әскерінің қатарына тай-
тұяғымен аттанып, Шағатай ұлысы билігінде Мәуереннахрға келіп орын тепті.
Темірдің жастық шағы туралы келтірілген мәліметтер Клавихоның мәліметтерімен
ұқсас келеді, тек «темір ұстасы мен кәсіпшілікпен» айналысқандығы туралы тың
жайттар айтылды. Ал
Ибн Арабшахтың
дерегінде Темірдің әкесі кедей ұсташы
болып, оның қой ұрлап жатқан сәтте оған садақтың жебесі тиіп жараланғандығы
туралы айтылады. Сонымен қатар Ибн Арабшах кез-келген тонаушылық әрекетке
оның соңынан еретін нөкерлердің санының ұлғайғандығы туралы да баяндайды.
Деректерде келтірілген мәліметтерде Темір туралы аңыз әңгімелер көп
болғандықтан, ал жылнамалар асыра сілтеушілікпен жазылғандықтан деректердің
нақты шынайылығын ажырату қиындық тудырады. Дегенмен зерттеушілердің
ғылыми мәліметтері бойынша Темір 1336 жылы
Бұқара
аймағының батысындағы
Кеш
(қазіргі Шахрисабз қаласы) маңайындағы Қожа Ылғыр ауылында Тарағай бектің
отбасында дүниеге келген. Әкесі – бек лауазымы бар барлас ақсүйектерінің бірі. Ол
ХІV ғ. басында Қашқандария аймағына келіп, қоныс тебеді. Темір осы қыстақта
барлас ұлдарының арасында әскери ойындарға жаттығып балалық шағын өткізеді.
М.М. Герасимовтың
Темір мәйітін зерттеу қорытындысы бойынша оның бойы
шамамен 172 см құрағанын және физикалық жетілген өте мықты тұлға болғанын
көрсетті. Оның шашы өз қатарларына қарағанда әлдеқайда ақшыл болған.
Герасимов қалпына келтірген бет-пішініне және терісінің ақ түстілігіне қарап, кейбір
ресейлік зерттеушілер: «Әмір Темірдің тегі еуропалық болған» дегілері келеді.
Олардың мұнысы Темірдің Ресейді Алтын Орданың езгісінен құтқарғанына да
байланысты болар.
Темір түрік, тәжік тілінен өзге парсы тілін де жақсы меңгерген, ғалымдардың тарихи
шығармаларын тыңдап, сөйлесуді ұнататын және өзінің әңгімелерімен мұсылман
тарихшыларын таң қалдыратын. Бұл туралы Академик
В.В. Бартольд
Темірдің өзі
түркі тілінен өзге парсы, тәжік тілдерін еркін меңгерген. Али Йездидің хабарлауынша
ғалымдар түркі және тәжік тілдерінде жазған және кеңес өткізген. Ол көшпелілікпен
қатар сол кезде билік барлас бегі Қажы Барластың қолында болған Шахрисабзға жиі
барып тұруының арқасында қала өмірін де жақсы білді.
Әмір Темірдің «Әмір Темір аманаты» кітабында оның жастық шағы туралы
мәліметтер айтылады:
Do'stlaringiz bilan baham: |