Bilimdi akparattandyru indd


- оқу материалын жүйелендірілген жəне құрылымдалған түрде  көрсету; -



Download 1,08 Mb.
Pdf ko'rish
bet76/153
Sana12.04.2022
Hajmi1,08 Mb.
#544989
TuriОқулық
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   153
Bog'liq
bilimdi akparattandyru

-
оқу материалын жүйелендірілген жəне құрылымдалған түрде 
көрсету;
-
оқу ақпаратының əрбір бөлігін қалыптастырған жəне бейне-
леген кездегі ретроспективтерді жəне білім қалыптастырушы 
перспективтерді, іскерлік жəне дағдыларды есептеу;
-
игерілетін матриалдың пəнаралық байланысын есептеу;
-
оқу материалын беру жəне білім алушылардың əсерінің 
дидактикалық негізделген тізбегі:
-
оқу логикасымен анықталатын білім алу үдерісін ұйым-
дастырудың кезектілігі;
-
электрондық білім беру басылымдары ұсынатын ақпараттардың 
байланыстарын қамтамасыз ету. Олар тəжірибеде мысал-
дар келтіру, күрделі ойын шараларын құрастыру, тəжірибелік 


196
сипаттағы тапсырмаларды ұсыну, тəжірибе жасау, нақты 
үдерістердің жəне құбылыстардың үлгісі есебінен орын-
далады.
Электрондық білім беру басылмдары мен ресурстары жəне 
олардың компоненттерінің бақылау-өлшеу құрамдық жəне қызметтік 
өзгермелілігін қамтамасыз ету талабы. Оқу жүйесінің қажет-
тілігі оқу материалының (мазмұндық өзгеруі) мазмұны бақылау-
өлшеу материалының мазмұнына сай талаптарды жəне білім 
алушылардың (қызметтің өзгеруі) қызметін бағалау деңгейін 
қамтамасыз ететін электрондық білім беру басылымдары талапта-
рына қойылады.
Өлшеу-бақылау электрондық білім беру басылымдары мен 
ресурстарын жəне олардың компоненттерін пайдаланудағы 
сенімділікті қамтамасыз ететін талап электрондық білім беру ба-
сылымдары қолдану арқылы оқу материалдарын меңгеру деңгейін 
дұрыс өлшеу ықтималдығы ретінде анықталады. Талап көпреттік 
өлшеу нəтижелерінің тұрақтылығын немесе бір ғана сынаушының 
оқу нəтижесін қамтамасыз етуде оқу жүйесіндегі қажеттіліктерге 
жауап береді. 
Дəстүрлі дидактикалық талаптармен қоса, электронды білім 
беру басылымдары мен ресурстарына, оқытуға арналған дəстүрлі 
басылымдар, оқытуды ақпараттандыру құралдарына арнайы 
дидактикалық талаптар қойылады. Бұл талаптың ерекшелігі 
электрондық білім беру басылымдарын жəне ресурстарын əзірлеу 
жəне орындау барысында заманауи ақпараттық жəне байланыс тех-
нологиялары қолданылады.
Бейімделу
талабы мектеп оқушысының тұлғалық ерекшелігіне 
электрондық білім беру басылымдары мен ресурстарының лайық 
болуын түсіндіреді. Талап оқу үдерісі кезінде білім алушының 
психологиялық ерекшеліктеріне, электрондық білім беру 
басылымдары пайдалану арқылы білім мен іскерлігінің 
деңгейіне бейімделу, лайық болу дегенді білдіреді. Электрондық 
білім беретін басылымдар мен ресурстарды жасау барысында 
электрондық білім беру басылымдарның үш бейімделу деңгейін 
бөліп көрсеткен жөн. Бейімделудің бірінші деңгейі – бұл білім 
алушының өзінің тұлғалық қарқынына сай келетін материалдарды 
меңгеру үшін таңдау жасау мүмкіндігі. Бейімделудің екінші деңгейі 
дегеніміз оқу əдістемесі жəне оның құрамы нəтижесінде ұсынатын 
негіздерге байланысты білім алушының жай-күйін зерттеп-анықтау. 


197
Бейімделудің үшінші деңгейі ашық тəсілге шоғырланған, яғни ол 
ықтимал тұтынушыларды жіктеуді талап етпейді жəне электрондық 
білім беру басылымдары авторлары барынша білім алушы 
құрамында көбейту мақсатымен сонша нұсқаларды дайындауға ын-
талануда.
Оқуды интербелсенділік талабы оқу үдерісінде білім 
алушының электрондық білім беру басылымдары немесе ресурста-
ры мен өзара əрекеті екі жақты орын алуы қажет дегенді білдіреді. 
Электрондық білім беру басылымдарының құралдары диалог 
пен кері байланысты қамтамасыз етуі тиіс. Диалогты ұйымдас-
тырудың маңызды жері – оқушылар мен оқытушылардың 
əрекеттеріне электрондық білім беру басылымдарының жəне 
ресурстарының адекватты жауап беруінің міндеттілігі. Кері байла-
ныс құралдары оқушының əрекеттерін бақылайды жəне реттейді, 
ары қарай не істеу керектігіне ұсыныстар жасайды, анықтамалық 
жəне түсіндірмелік ақпараттарға тұрақты рұқсат беруді іске асы-
рады. Оқу жұмыстарының нəтижесі бойынша қате диагностикасы 
бар бақылау кезінде кері байланыс құралдары жұмыстың сарап-
тау нəтижесін білім деңгейін көтеру бойынша ұсыныстармен қоса 
шығарып береді.
Интербелсенділік пен кері байланысты барынша егжей-тегжейлі 
қарастыру қажет, себебі интербелсенділік жəне кері байланыстың 
болуы көптеген электрондық білім беру басылымдарының ерекше 
айырмашылықтары болып табылады.
Үш сатылы кері байланысты «оқытушы – электрондық білім беру 
басылымдары – оқушы» екі негізгі түрге бөлуге болады: сыртқы 
жəне ішкі.
Ішкі кері байланыс дегеніміз жаттығуды орындау барысында 
білім алушының əрекетіне жауап беру мақсатымен электрондық 
білім беру басылымдарынан келіп түсетін ақпарат. Мұндай байла-
ныс білім алушының оқу үлгерімін өзіндік басқаруға жəне реттеуге 
арналған. Ішкі кері байланыс білім алушыға өзінің оқу үлгерімінің 
табыстылығы немесе қателігі туралы қорытынды жасауға мүмкіндік 
береді. Ол білім алушыны рефлекцияға итермелейді, ары қарай 
əрекеттер жасауға ынталандырады, оқу қызметінің нəтижелерін 
бағалауға жəне түзеуге көмек береді.
Ішкі кері байланыс кеңес беретін жəне нəтижелі болып бөлінуі 
мүмкін. Кеңес беру ретінде көмек, түсіндірме, сыбырлау, үлгісін 
көрсету жəне т.б. болуы ықтимал. Нəтижелі кері байланыс та əрқилы 


198
бола алады: білім алушыға шығарылған есептің дұрыстылығын жəне 
дұрыс жауапты көрсету немесе шығару жолдары туралы ақпаратты 
хабарлайды. 
Сыртқы кері байланыстың ақпараты компьютерлік техника жəне 
ақпараттандыру құралдарын пайдалану арқылы оқытып жатқан 
мұғалімге келіп түседі. Жəне білім алушының қызметін немесе 
электрондық білім беру басылымдары жұмыс істеу режімін түзету 
үшін қолданылады.
Электрондық білім беру басылымдары қойылатын талаптарды 
қарастыруды жалғастырайық.
Білім алушының интеллектуалдық əлеуетін дамыту талабы 
электрондық білім беру басылымдары жəне ресурстармен жұмыс 
жасаған кезде білім алушының ойлау жүйесін (алгоритімдік, көрнекі-
үлгілік, теориялық), тиімді шешім немесе күрделі жағдайдың 
бірнеше шешімін қабылдау шеберлігін, ақпаратты өңдеу іскерлігін 
(деректерді өңдеу жүйесін, ақпараттық-іздеу жүйелерін, деректер 
қорын жəне басқаларды пайдалану негізінде) қалыптастыра оты-
рып, оқу жүйесінің талаптарына жауап береді.
Бақылау-өлшеу электрондық білім беру басылымдары мен 
ресурстардағы есептердің бірегейлігін жəне қалыптастырылуын 
қамтамасыз ететін талап. Осы талапқа сəйкес білім алушыға 
қойылатын тапсырма өлшеудің немесе бақылаудың басталуына 
дейін толығымен болмауы қажет жəне білім алушы электрондық 
білім беру басылымдары мен жұмыс жасаған уақытында 
кездейсоқ түрде қалыптастырылуы тиіс. Осылайша əр білім алушы 
шығаратын есеп əртүрлі болуы қажет. Бұл мұғалімдік өлшеулердің 
объективтілігін жəне адекваттылығын қамтамасыз етуде білім 
берудің қажеттіліктерін қанағаттандырады.
Электрондық білім беру басылымдары мен ресурстарды пайдала-
на отырып 
оқудың дидактикалық цикліның толықтығын (түгелдігін) 
жəне үздіксіздігін
қамтамасыз ететін талап – электрондық білім беру 
басылымдары бір сеанс ішінде ақпараттық жəне байланыс техни-
каларымен жұмыс істеу барысында дидактикалық циклдің барлық 
түйіндерін орындауға мүмкіндік туғызуы.
Оқытудың ақпараттық құралдары білім алушының білім 
жүйесіне жəне оның тілдік біліміне қатысты дайындалуы қажет. Оқу 
материалының мазмұны белгілі бір жас мөлшеріндегі оқушылар то-
бына түсінікті болу керек. Бірақ өте қарапайым болмауы тиіс, себебі 
ол көңіл бөлуді төмендетуі мүмкін. 


199
Білім алушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты құрылатын 
басты 
эргономикалық
жəне соған қатысты талаптар білім алуға де-
ген ынтаны жоғарылатуды қамтамасыз етеді жəне электрондық 
білім беру басылымдары мен ресурстардың жұмыс режімін жəне 
ақпаратты бейнелеуге қойылатын талаптарды орнатады. 
Оқу үрдісін ақпараттандыру үдерісі кезінде білім алушының 
адамгершілік қарым-қатынасын қамтамасыз ететін
талаптар 
негізгі эргономикалық талаптарға жатады, олар:

Download 1,08 Mb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   153




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©hozir.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling

kiriting | ro'yxatdan o'tish
    Bosh sahifa
юртда тантана
Боғда битган
Бугун юртда
Эшитганлар жилманглар
Эшитмадим деманглар
битган бодомлар
Yangiariq tumani
qitish marakazi
Raqamli texnologiyalar
ilishida muhokamadan
tasdiqqa tavsiya
tavsiya etilgan
iqtisodiyot kafedrasi
steiermarkischen landesregierung
asarlaringizni yuboring
o'zingizning asarlaringizni
Iltimos faqat
faqat o'zingizning
steierm rkischen
landesregierung fachabteilung
rkischen landesregierung
hamshira loyihasi
loyihasi mavsum
faolyatining oqibatlari
asosiy adabiyotlar
fakulteti ahborot
ahborot havfsizligi
havfsizligi kafedrasi
fanidan bo’yicha
fakulteti iqtisodiyot
boshqaruv fakulteti
chiqarishda boshqaruv
ishlab chiqarishda
iqtisodiyot fakultet
multiservis tarmoqlari
fanidan asosiy
Uzbek fanidan
mavzulari potok
asosidagi multiservis
'aliyyil a'ziym
billahil 'aliyyil
illaa billahil
quvvata illaa
falah' deganida
Kompyuter savodxonligi
bo’yicha mustaqil
'alal falah'
Hayya 'alal
'alas soloh
Hayya 'alas
mavsum boyicha


yuklab olish