Құрал-саймандық программаларға
программалық қамтамасыз
етуді дайындауға арналған программалар жатады.
Жалпы білім беретін орта білім беру жүйесінде əмбебап офис-
тік қолданбалы программалар мен ақпараттық жəне телекому-
никациялық технологиялар құралдары мəтіндік процессорлар,
электрондық кестелер, презентация дайындау программалары,
мəліметтер қорын басқару жүйелері, органайзерлер, графикалық па-
кеттер жəне т.б. кеңінен таралған.
13
Компьютерлік желілердің пайда болуымен мектеп оқушылары
жəне мұғалімдер жер шарының кез келген нүктесінен ақпаратты
тез алу жаңа мүмкіндігіне ие болды. Басты телекомуникациялық
желі Интернет арқылы əлемдік ақпараттық ресурстарға (электрон-
ды кітапхана, мəліметтер қоры, файлдарды сақтау орны, жəне т.б.)
қолжетімділік деңгейі мүмкін болды. Интернет танымал ресурсында
– WWW бүкілəлемдік өрнекте бірнеше миллиард мультимедиалық
құжаттар жарияланған.
Телеқатынастық желі Интернет қолжетімді жəне бұдан басқа
адамға қажетті ақпаратпен алмасуға жəне қарым-қатынас жасауға
мүмкіндік беретін кең таралған сервистер, əсіресе электронды пошта,
ICQ, жіберу тізімі, жаңалықтар топтары, чат. Нақты уақыт режимінде
қарым-қатынас жасауға арналған арнайы программалар дайындалған,
сондай-ақ олар байланыс орнатылғаннан кейін мəтіндерді, дыбыстар-
ды жəне бейнелерді тасымалдауға мүмкіндік береді. Бұл программа-
лар пайдаланушылардың жеке компьютерде орнатылған программа-
мен жеке жұмысын ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
Мəліметтерді сығымдаудың жаңа алгоритмдерінің пайда болуы-
мен компьютерлік желі бойынша тасымалдауға арналған дыбыс са-
пасы айтарлықтай артты жəне телефон желісіндегі дыбыс сапасына
жақындай түсті. Бұның салдарынан жаңа технология – Интернет те-
лефония белсенді дами бастады. Арнайы құрылғылардың жəне Ин-
тернет желісі арқылы программалық қамтамасыз етудің көмегімен
аудио жəне бейнеконференция жүргізуге болады.
Компьютерлік желілерде ақпаратты тиімді іздеуді қамтамасыз
ету үшін ақпаратты іздеу технологиясы қолданылады, оның мақсаты
– басты компьютерлік желідегі ақпараттық ресурстар туралы
мəліметтерді жинау жəне пайдаланушыларға ақпаратты жылдам
іздеу мүмкіндігін беру. Іздеу жүйелерінің көмегімен əлемдік өрмектің
құжаттарын, мультимедиалық файлдарды жəне программалық
қамтамасыз етуді, мекемелер мен адамдардың мекенжай ақпаратын
іздеуге болады.
Нақты уақыт жағдайында Ақпараттық-қатынастық технология-
лар желі құралдарының көмегімен оқу-əдістемелік жəне ғылыми
ақпаратқа, жедел көмек, ғылыми-зерттеу іс-əрекетін модельдеу, вир-
туалды оқу сабақтарын (дəріс, семинар) жүргізуге қолжетімділік
деңгейі артты.
Маңызды ақпараттық жəне телекомуникациялық технологиялар
санына бейнежазба жəне теледидар жатады.
14
Видеопленкалар жəне оған сəйкесінше ақпараттандыру
құралдары білім алушылардың бірқатарын үздік оқытушылардың
дəрістерін тыңдауға мүмкіндік береді. Дəріс жазылған видекассе-
таларды арнайы жабдықталған аудиторияларда да сонымен қатар
үй жағдайында да қолдануға болады. Негізгі оқу материалы баспа
түрінде де жəне бейнекассета түрінде де беріледі. Мысал ретінде
мектептегі шет тілін дəстүрлі оқытуды алуға болады, мұндай оқыту
барысында білім алушылар баспа өнімдерін жəне магнитофонды не-
месе сəйкесінше оқу программасымен жабдықталған компьютерді
пайдаланады.
Мұндай жағдайда түрлі ақпараттық жəне телекомуникация-
лық технологияларды қолданудың мақсатқа лайықтылығы мен
қажеттілігі туралы мəселе туындайды. Мəселен, оқыту барысын-
да визуалды ақпарат қажет болса жəне оны білім алушыға баспа
түрінде бере алмайтын болсақ, онда бейнематериалдың қажеттілігі
белгілі. Егер бейнепленка немесе компьютердің көмегімен ұйым-
дастырылатын бейнедемонстрация, қосымша арнайы иллюстра-
циясыз дəрістер жазбасы болса, онда ақпараттық технологияны
қолдануға болады, бірақ міндетті емес.
Теледидар, ақпараттық технологиялардың кең тараған түрі, адам-
дар өмірінде үлкен рөл атқарады: əрбір жанұяда ең болмаса 1 теле-
дидардан бар. Оқытушы телебағдарламалар əлем бойынша кеңінен
қолданылады жəне білім беруді ақпараттандырудың нақты мысалы
болып табылады. Теледидардың негізінде кең ауқымды аудиторияға
жалпы дамытуды арттыру мақсатындағы дəрістерді беру мүмкіндігі
артуда, сонымен қатар арнайы тесттер мен емтихан көмегімен
білімді тексеру мүмкіндігі бар.
Өкінішке орай, мұндай технология кең аудиторияларға, мы-
салы, шетел тілдерін немесе қандай да бір ғылымның негізін
меңгерушілерге қолданылады. Ұлттық немесе қалалық теледидар-
ды арнайы бағыттағы мектеп оқу курстарына қолдану қиындық
туғызады.
Бірқатар оқыту теле- жəне радиопрограммалар спутниктік теле-
дидар арқылы жеткізіледі. Мəселен, 1971 жылы құрылған INTELSAT
халықаралық ұйымы барлық 15 спутнигін қоса отырып, оқытушы
программаларды бүкіл əлемге жеткізе алды. Спутниктік каналдар
бір уақытта бейнебейнені, дыбысты, мəтінді жəне құжаттар копия-
сын сандық түрде жеткізуге мүмкіндік беретін ISDN қатынастық
желісін ұйымдастыруға жағдай жасайды.
15
Меңгерілетін материалдың негізгі көлемін сақтауға жəне
тасымалдауға мүмкіндік беретін қуатты технология компьютерлік
желіде таратылатын, сонымен қатар арнайы ақпарат тасымалдау-
шыларда: CD, DVD жəне т.б. жазылған білім беруші электрондық
басылымдар болып табылады. Олармен оқушылардың жеке жəне
ұжымдық жұмысы материалды терең меңгеру мен түсінуге жағдай
жасайды. Бұл технология, бар оқу материалдарын жəне оқыту
құралдарын жеке қолдануға үйретеді, сонымен қатар өзбетімен
оқуға жəне алынған білімді өз бетімен тексеруге мүмкіндік береді.
Қазіргі ақпараттық жəне телекомуникациялық технологияларға,
сонымен қатар электрондық поштаға, телеконференцияға не-
месе ICQ-ға байланысты білім беру үрдісіне қатысушылардың
арасындағы қарым-қатынас кеңістікте жəне уақытта бөлінеді. Мы-
салы, педагогтар мен білім алушылар əртүрлі елде тұрып, өздеріне
ыңғайлы уақытта өзара қарым-қатынаста болады. Мұндай диалог
уақыт бойынша созылуы мүмкін – сұрақ бүгін қойылса, оның жауа-
бын бірнеше күннен кейін алады.
Мұндай тəсілдер негізінде білім алушылар мен оқытушыларға
алынған хабарламаны талдауға жəне оған кез келген ыңғайлы уақытта
жауап беру арқылы ақпаратпен (сұрақтар, кеңестер, қосымша мате-
риал, бақылау тапсырмалары) алмасу мүмкіндігі болады.
Жалпы білім беретін орта білім беру саласында қолданылатын
ақпараттық жəне телекомуникациялық технологияларды əртүрлі
категорияларға байланысты жіктеуге болады. Мысалы, білім
беруді ақпараттандыруды оқып-үйренуде көрсеткіш ретінде мақсат
ретінде əдісті, тəсілді қолдану немесе ақпаратқа əсер ету алгоритмін
қарастыруға болады. Бұл жағдайда ақпаратты сақтау, беру, енгізу,
шығару, өңдеу жəне жеткізу технологияларын ерекшелеуге болады.
Ақпараттық жəне телекомуникациялық құралдар жəне тех-
нологиялар көп. Əрбір жыл сайын білім беруді ақпараттандыру
тұрғысынан маңызды жаңа құралдар мен технологиялар пай-
да болуда. Оларды тізімдеу, оқып-үйрену əлі де мүмкін болмай
отыр. Арнайы жағдайда мұндай технологиялардың бірқатары
оқушыларды оқыту мен тəрбиелеудің сапасын арттыруға ықпалын
тигізуге қабілетті екендігін түсіну маңызды. Бұған қоса кез кел-
ген тəжірибелі мұғалім ақпараттық технологияларды енгізуден
жеткілікті жағымды жағдайлардың бола бермейтіндігін түсіндіреді,
кейбір жағдайларда білім беруде ақпараттандыру құралдарын жиі
қолдану оқытудың тиімділігіне ықпалын тигізбей, керісінше əсер
16
етуі мүмкін. Сондықтан оқытуды ақпараттандыру кешенді жəне
орнымен шешілуі тиіс. Ақпараттық жəне қатынастық техноло-
гиялар құралдарын мақсатқа лайықты жəне орнымен қолдануды
оқыту білімді ақпараттандыру саласында педагогтарды дайындау
мазмұнына енуі қажет.
Қоғамды жəне оның барлық саласын ақпараттандырудың
міндетіне соның ішінде білім беруге мемлекет қатты көңіл бөлуде.
Қазақстан Республикасының Білім жəне ғылым министрлігі
мектептерді компьютерлендіру, Интернетке қосылу жəне
телефондық желі жүргізу жұмыстарын жүргізуде. Қазіргі таңда
жалпы білім беретін орта мекемелердің компьютерлік техникамен
қамтамасыз етілуі 21 оқушыға, мультимедиалық кабинеттерді есеп-
ке алғанда, ауыл мектептерінде 20 оқушыға 1 компьютерден келеді.
Интернет желісіне жалпы білім беретін мектептердің 96% қосылған,
соның ішінде ауыл мектептері - 97%.
Президенттің Қазақстан халқына жолдауында: «Біздің
болашаққа барар жолымыз қазақстандықтардың əлеуетін ашатын
жаңа мүмкіндіктер жасауға байланысты. ХХІ ғасырдағы дамыған
ел дегеніміз – белсенді, білімді жəне денсаулығы мықты азамат-
тар. Бұл үшін біз не істеуіміз керек? Біріншіден, барлық дамыған
елдердің сапалы бірегей білім беру жүйесі бар. Ұлттық білім берудің
барлық буынының сапасын жақсартуда бізді ауқымды жұмыс күтіп
тұр. Таяудағы 2-3 жылда дуальдік, техникалық жəне кəсіптік білім
берудің ұлттық жүйесінің негізін қалыптастыру керек. Келешек-
те жастардың техникалық білім алуын мемлекеттік кепілдендіруге
көшіруді қарастыру қажет» деп келтірілген (2014 ж.) [1, қ.ə.].
2007-2008 оқу жылының басынан бастап білім беру
мекемелерінің оқу үрдісіне «онлайын оқыту» жүйесі енгізілуде.
Программа екеуі əмбебап 5 интербелсенді пəндік кабинеттер
кешенін қамтиды. 2 əмбебап сыныпта математика, тарих, геогра-
фия, астрономия сабақтарын жүргізуге болады, сонымен қатар
3 пəндік кабинетте жаратылыстану-ғылыми бағытындағы физи-
ка, химия, биология пəндерін оқытуға мүмкіндік жасалған. Олар
эксперимент жүргізуге жəне орта мектеп бағдарламасы бойын-
ша демонстрация жасауға, олардың нəтижелерін алуға мұғалім
компьютерінде сандық түрде алуға жəне өңдеуге арналған арнайы
компьютерлендірілген зертханалық құрылғылармен жабдықталған.
Мобильдік компьютерлік сынып «Доғалағы бар сынып» мағынасын
береді, сондай-ақ мұғалім компьютері, 14 оқушылар компьютерлері
17
жəне кез келген мекемеде жергілікті сымсыз желімен жылдам
жəне жеңіл қосылатын сымсыз қолжетімдік байланыс нүктесімен
жабдықталған.
Республиканың тенденциясында мемлекеттік тілдегі мектеп-
тердің санын орыс тілді мектептерге қарағанда, арттыру (6000 мек-
теп қазақ тілді оқыту, 8000 мектеп орыс тілді) қарастырылған. Бұл
тек қана қазақтандыруды ғана емес, сонымен қатар компьютерлерді
(деңгейі жəне масштабы орысша дайындалған компьютерден тө-
менгі деңгейде болмауы тиіс!) жəне оқу программалық құралда-
рын мемлекеттік тілге аудару, сонымен қатар мектеп пен оқу
мекемелеріне информатика жəне білімді ақпараттандыруды оқыту-
дың əдістемелік жүйесін мемлекеттік тілде дайындауды қажет етеді.
Мемлекеттік тілдегі мектептер мен білім мекемелеріне ин-
форматика жəне білімді ақпараттандыруды оқыту əдістемесінің
əдіснамалық жүйесін дайындау ғылыми-педагогикалық əдісті
қажет етеді. Информатика жəне білімді ақпараттандыруды
оқыту əдістемесіне оқу мекемесінің ақпараттық білім ортасы
құрамын қамтитын ақпараттық ресурстар сəйкестендірілуі керек.
Олар мемлекеттік тілде ақпараттық білім ортасын жүргізетін
бірыңғай технологиялық құралдармен қамтуға дайын жəне қабілетті
болуы тиіс. Олардың дайындығы мен қабілеттілігі (компьютер-
лерді жəне программалық құралдарды локализациялау) компью-
тердің жəне программалық құралдар өндіруші мекемелердің
(негізінен Microsoft) атсалыса қатысуына байланысты қолжетімді
бола алады.
Компьютерлік ортада қазақтандыру локализация тəрізді.
Программалық жəне аппараттық қамтамасыз етуде қазақ жазбасы-
на байланысты белгілерді енгізу, қазақ тілді интерфейсті құру жəне
т.б. Ал локализация (англ. localization) – интерфейс элементтерін,
қосымша файлдарды жəне құжаттарды аудару жəне бейімдеу.
Локализация міндеті тек аударумен орындалмайды, соны-
мен қатар аудару программалық қамтамасыз етуді локализациялау
үрдісіне қарағанда жеңілірек. Бейімдеудің типтік міндеті жазбаның
ұлттық символдарын қолдану, қабылданған ұлттық форматтарды
пайдалану, сонымен қатар мəтіндік алфавиттік сұрыптау жəне т.б.
ережесін қолдану. Программалық қамтамасыз ету дизайнын таңдау
мен дайындауда қазақ тілінің лексикасына мəн берілуі қажет, себебі
қазіргі таңда ол локализация үрдісінің басты міндеттерінің бірі бо-
лып табылады.
18
Сонымен,
Do'stlaringiz bilan baham: |