Alisher Navoiy nomidagi Toshkent
davlat o‘zbek tili va adabiyoti
universiteti
“O‘ZBEK MILLIY VA TA’LIMIY
KORPUSLARINI YARATISHNING NAZARIY
HAMDA AMALIY MASALALARI”
Xalqaro ilmiy-amaliy konferensiya
Vol. 1
№. 01 (2021)
259
Әдебиеттануда бір жазушының шығармаларын салыстыра кексеруге де болады, бір
кезеңнің, болмаса бір әдеби ағымның мүшелерінің шығармашылығын, әр ұлттың сөз өнерінің
өкілдерінің туындыларын салыстыра талдау үлгілері бар. Мұндай зерттеулер барысында әсер ету,
еліктеу, ұқсастық, айырым мәселелері көтеріледі. Жеке тақырып пен идеяның көрінуі ортақ
мотивтердің көркемдік қызметі, образдар әлеміндегі ұқсастықтар мен ерекшеліктер, жеке стильдер
арасындағы байланыстар, бір шығарманың бірнеше нұсқасы арасындағы өзгерістер табиғаты –
міне, осы мәселелердің қайсысы болмасын салыстыру арқылы көрсетіледі [2,158]. Жоғарыдағы
салыстырмалы талдау әдісіне сүйенсек, М.Шүйіншалиева прозасы қазіргі қазақ әдебиетіндегі
негізгі тақырыптық мәселелерге үңіліп, адамгершілік, қазіргі қоғамды жайлаған парақорлық пен
даңғазалық, жағымпаздық пен жасандылық, көзбояушылық т.б. мәселелерді кеңінен қозғайды. Бұл
мәселелер «Өкініш» повесінде байқалса, «Служак» әңгімесінде өзінше басқа қырынан суреттеледі.
Осы тұрғыдан келсек, көрнекті қаламгерлер, қазақ әдебиетінде ұлттық мазмұнның, ұлттық
сананың терең тамырларын қаузап келген қабырғалы қаламгер Д.Исабековтың “Ескерткіш»,
Қ.Жұмаділовтің «Жемдеген қырғауылдар», орта буыннан асқан Мира Шүйіншалиеваның
«Служак», жаңа заманның қаламгері Ерболат Әбікенұлының «Министр» әңгімелеріне арқау
болған тақырып ортақ екенін байқаймыз. Ол - қоғамның саяси астарлы көрінісі, көзбояшылықтың
астарындағы әлеуметтік проблемалар. Бұл аталған проблемалар ұлттық шеңберден тыс,
жалпадамзаттық мәселе екені де даусыз.
Қ.Жұмаділовтың «Жемдеген қырғауылдар» әңгімесінде автор бүгінде бүкіл әлемнің саяси
құрылымындағы шындық – «төменгінің» «төбедегіге» тәуелді болуы, басшының алдында тек
жұмыс бабымен ғана емес, қарапайым тірліктен бастап, дастарханына дейін жауапты болу, күту,
құдайындай сыйлау жан-жақты әрі шынайы суреттелген. Әңгіме оқып отырып саяси әлемнің
көрінісі еріксіз көз алдыңа келеді [3,440].
Ал, қарымды қаламгер Дулат Исабековтың «Ескерткіш» әңгімесінде қоғамдағы дендеп алған
формализм, шенге табынушылық, бюрократизм, рухани қуыскеуделік, тектен ажырау, халыққа тән
ұлы қасиеттерді жоғалту себептері жазушының ащы әжуасы арқылы суреттеледі. Оның
шығармаларындағы бір-біріне бергісіз комедиялық жағдайлар жинақтала келе қоғам
трагедиясының картинасын құрайды [4,5 бет].
Мира Шүйіншалиеваның «Өкініш» жинағына енген әңгімелердің ішінде «Служак»
әңгімесінің де өзіндік жазылу мәнері, қоғамның ащы шындығын көрсете білген авторлық идеядан
зілсіз юмордың астары анық байқалады.
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы тоқыраушылық кезең, жоқшылық, ауылдағы
жұпыны тіршілік пен көз бояушылық астарында билік пен қарапайым халық арасындағы
тұрмыстың алшақтығына көз жұма қараған тіршілікті қарапайым ауыл тұрғыны Үмбетқалиды
кезіндегі служағы, Орал облысына әкім болып келген ел ағасының іздеп келуімен
байланыстырады. Айдалада төбесінен су аққан жалғыз үйде тіршілік әлемінен тысқары, әйелі мен
екеуі ғана өмір сүрген бейбақтарды ауыл мен аудан әкімінің аяқ астынан іздеп жарылқай қалуы,
әрине саяси биліктің көзбояушылыққа әбден еті үйренген қоғамның, сол қоғам өкілдерінің
бейнесін танытады. Бір күнде үй тазарып, жөнделіп, әктеліп, жиһазға толған үй ішінің сән-
салтанатқа бөленуі, жұмақ орнауы, алыстан дөкей келеді дегенді естігендегі ауыл адамдарының
қылықтары, бәрі-бәрі нанымды суреттеледі. Әрине, әңгімеде қарапайым ауыл тұрғынын іздеп
келген облыс әкімінің адамгершілік тұлғасын жай ғана бір әрекетімен сипаттап көрсетсе де,
автордың бірінші планға қоғамдық-саяси, әлеуметтік жағдайды шығарғаны анық байқалады.
«Служак» әңгімесінде өз заманымыздағы ауылдың тұрмысы, тәуелсіздіктің алғашқы он
жылдығында құлдыраған экономика, жұмыссыздық, ауыл тіршілігінің құты қаша бастаған кезеңі
негіз болған. Автордың осындай әлеуметтік-тұрмыстық мәселені адамдардың іс-әрекеті, мінез-
құлық, характерлері арқылы ашып берудегі шеберлігі анық көрінеді. Бұған ауыл әкімінің
жоғарыдан түскен тапсырмаға бас шұлғуы, Үмбет пен әйелінің ауыл адамдарына тән қарапайым
да, қожанасыр қылықтары, ауыл тұрғындарындағы әдет-ғұрып, салт-сананың көріністері айқын
дәлел. Әңгімедегі ұлттық сипат ел ағасы кеткен соң, ырымдап дәмнен бала-шаға ауыз тигізу,
отырған орынға отырғызу тәрізді белгілерді айтуға болады. Мираның қаламына ілінген қоғамдық-
әлеуметтік, тұрмыстық шындыққа көзбояшылықпен қарау мәселесі жас қаламгер Ерболат
Әбікенұлының «Министр» әңгімесіне де арқау болған. Бірақ екі автордың көркемдік шешімдері
екі басқа арнада тоғысады. Мира Шүйіншалиеваның «Служак» әңгімесі дәстүрлі прозаның
Do'stlaringiz bilan baham: |