Alisher Navoiy nomidagi Toshkent davlat o‘zbek tili va adabiyoti universiteti



Download 7,21 Mb.
Pdf ko'rish
bet284/398
Sana26.02.2022
Hajmi7,21 Mb.
#467559
1   ...   280   281   282   283   284   285   286   287   ...   398
Bog'liq
Тайёр Миллий корпус тўплам 17.05

Alisher Navoiy nomidagi Toshkent 
davlat o‘zbek tili va adabiyoti 
universiteti 
“O‘ZBEK MILLIY VA TA’LIMIY 
KORPUSLARINI YARATISHNING NAZARIY 
HAMDA AMALIY MASALALARI”
Xalqaro ilmiy-amaliy konferensiya
Vol. 1
№. 01 (2021) 
242 
ауысып, «төбе, төмпешік», кейбіреулерінде «моласы бар темпешік» деген мағынада қолданылып 
кеткен. Қазіргі қазақ тіліндегі оба сөзі осы мағынада жұмсалады. Бұрын түріктер оба деп көшпелі 
елдердің киіз үйін атапты. Осы мағынада оба сөзі В. В. Радловтың сөздігінде де кездеседі. 
Сонымен, бұл сөз ғасырлар бойы қолданылу үстінде обон>обоо>оба//ов//ев>ой//өй/ /үй болып 
өзгерген. Қазақ тілінде революцияға дейін үй сөзі кең қолданылған, кейін тас үйлердің 
салынуымен байланысты кейбір оңтүстік-шығыс және солтүстік-шығыс аудандарда там сөзі пайда 
болған. Бұдан басқа кейбір зерттеушілер үй сөзі қытай тіліндегі чэн//ин//и — «қала, қоныс» деген 
сөзден шыққан деп жорамалдаса, екінші біреулер үй сөзін үю етістігімен түбірлес деп 
шамалайды[ҚТҚЭС, 1966, 203]. Екі тілдегі ев//үй сөзі дыбыстық өзгешелікке ұшыраған, бірақ 
мағыналық жақындығы сақталған.

Оджак
– 1. Ошақ, пеш 2. Камин 3. Кен, кен ошағы 4. Отбасы, үй-іші 5. Ошақ, орталық
Ошақ
– 1. Тамақ пісіруге арналған үш аяқты қоршау темір 2. Ауыс. Үй-іші, бала-шаға 3. 
Ауыс. Бір нәрсенің шоғырланған жері 
Ошақ
сөзі түркі тілдерінде кездесетін 
от
пен 
жақ
(жагу) сөздерінен құралған болар. Сөз 
ішінде қатар келген т және ж дыбыстары біріне-бірі әсер етіп, екеуі де өзгеріп ш (кейбір түркі 
тілдерінде ч, ж, с) дыбысына ауысқан. Сонымен бұл сөз от (од + жак)+жаг> 
>отжақ+оджаг>ожақ//ошақ//очақ болып өзгерген тәрізді. Кейбір ғалымдардың айтуынша, бұрын 
түрік әмірі мен сұлтандарының жанында әдейі от жағушы кісі болған, оның аты ожақы болған. 
Қазір ошақ сөзі түркі тілдерінің көбінде кездеседі. Кейбір зерттеушілердің пікірі бойынша, от 
сөзіне кішірейту мағынасын білдіретін -жақ/жағ жұрнағы қосылу арқылы ошақ сөзі пайда болған. 
Бірақ бұл күмәнді түсіндірме сияқты [ҚТҚЭС, 1966, 155]. 
Алданмак
– 1. Жаңылу, қателесу 2. Алдану, алданып қалу
Алдану
– 1. Сеніп қалу, нану 2. Алданыш ету 3. Тоқтау, бөгелу, айналып қалу
Бұл сөздің түбір форманты ал — өз алдына жеке тұрып қолданылмайтын өлі түбір. Ғ. 
Мұсабаевтың пікірінше, ал сөзі о баста «алдау» деген мағынада қолданылған. Ал тілім емес, шын 
тілім, Ал тілге алданба дегендерді салыстырыңыз. Сөйтіп, ал сөзі «айла, алдау» деген мағынада 
қолданылғандығын М. Қашғаридың сөздігіндегі мына мақалда дәлелдейді. Аушы неше ал білсе, 
адығ (аю) сонша жол біледі. Бұл, әрине, аю аулап, оны кәсіп еткен кезде туған мақал. Кейбір көне 
түркі жазуларында және осы күнгі кейбір түркі тілдерінде ал сөзі жеке, дербес қолданылып « 
алдау , қулық, өтірік айту» деген мағыналарда жұмсалады [ҚТҚЭС, 1966, 52]. Көне түрік тілінде 
ал сөзі – алдау, қулық, айла мағынасында жұмсалғаны ойымызды дәлелде түседі.

Балчык
– балшық, батпақ, лай 
Балшық
– батпақ, лай, шөкпе тау жынысы 
Балшық сөзі көне түркі тіліндегі бал деген түбірден жасалған. Бұл түбірлес сөздердің бәрі де 
жұмсақ, сұйық, тез езілетін, жайылып кететін нәрселермен байланысты ұғымда жұмсалады. Бұрын 
шағатай тілінде «саз» мағынасында балықы/балқ сөзі қолданылған көрінеді. XI ғасырдағы кейбір 
түркі елдері (ұйғырлар т. б.) үйлерін көбінесе саздан салғандықтан, кейбір зерттеушілер бұрынғы 
Орта Азияда болған Іле-балық, Біш-балық, Янгі-балық тәрізді қалалардың аттарын осы сөзбен 
байланыстырады. Қазақ, қырғыз т. б. түркі тілдерінде бал сөзінен туған «қатты нәрсенің еруі» 
мағынасын беретін балқу етістігі бар, одан «лай, батпақ» мағынасындағы балқыч сөзі пайда 
болған (Балқаш көлінің атауы осы сөзбен байланысты тәрізді). Сөз ортасындағы метатезалық 
құбылыстың (қатар дыбыстардың орын алмасуы) нәтижесінде кейбір түркі тілдерінде (соның 
ішінде қазақ тілінде де) балқыч/балқыш деудің орнына балчық/балшық болып қалыптасқанға 
ұқсайды [ҚТҚЭС, 1966, 55]. 

Өғренмек
– 1. Оқу, үйрену 2. Ұғып алу, үйреніп алу 3. Білу, сұрастыру, анықтау
Үйрену
– 1. Бір нәрсені біліп алу 2. Біреудің ісіне еліктеу, үлгі алу 3. Ауыс. Бір нәрсеге 
дағдылану, машықтану 4. Білу, жаттығу 5. Үлгі, өнеге ету 6. Бойы үйрену, бауыр басу
Бұл етістік 
ой 
деген есім сөзге етістік тудыратын 
-ра/-ре
жұрнағы жалғануы арқылы жасалған, 

— етіс жұрнағы. Көне түркі нұсқаларында «
ойлау, түсіну
» мағынасында ө етістігі қолданылған, 
сол 
ө
түбірінен өрбіп, бұл сөз 
ө<өг//өгрән//өгрен < өйрән//өйрен//үйрен
болып өзгерген [ҚТҚЭС, 
1966, 204]. 
Қазақ тіліндегі тап//дәп//дәл//дөп сөздерінің мағынасы «тура, нағыз, дәл». Бұл жарыспалы 
түбірлерді түрік тіліндегі араб тілінен енген там сөзімен салыстырсақ, мағыналық сәйкестілік 
көрінеді. Тіліміздегі дәл сөзін жуандатсақ тал. Қазақ тіліндегі дәл сөзінің араб тілінде дал вариаты 



Download 7,21 Mb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   ...   280   281   282   283   284   285   286   287   ...   398




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©hozir.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling

kiriting | ro'yxatdan o'tish
    Bosh sahifa
юртда тантана
Боғда битган
Бугун юртда
Эшитганлар жилманглар
Эшитмадим деманглар
битган бодомлар
Yangiariq tumani
qitish marakazi
Raqamli texnologiyalar
ilishida muhokamadan
tasdiqqa tavsiya
tavsiya etilgan
iqtisodiyot kafedrasi
steiermarkischen landesregierung
asarlaringizni yuboring
o'zingizning asarlaringizni
Iltimos faqat
faqat o'zingizning
steierm rkischen
landesregierung fachabteilung
rkischen landesregierung
hamshira loyihasi
loyihasi mavsum
faolyatining oqibatlari
asosiy adabiyotlar
fakulteti ahborot
ahborot havfsizligi
havfsizligi kafedrasi
fanidan bo’yicha
fakulteti iqtisodiyot
boshqaruv fakulteti
chiqarishda boshqaruv
ishlab chiqarishda
iqtisodiyot fakultet
multiservis tarmoqlari
fanidan asosiy
Uzbek fanidan
mavzulari potok
asosidagi multiservis
'aliyyil a'ziym
billahil 'aliyyil
illaa billahil
quvvata illaa
falah' deganida
Kompyuter savodxonligi
bo’yicha mustaqil
'alal falah'
Hayya 'alal
'alas soloh
Hayya 'alas
mavsum boyicha


yuklab olish