ІІІ бөлім. Теңдеу құруға есептер шығару (10сағат).
Мәтінді, қиындығы жоғары, логикалық есептерге теңдеу құруға және оны шығаруға талдау жасау.
Қорытынды математикалық сайыс өткізу.
«Математикалық логика» факультативінің күнтізбелік жоспары
№
|
Мазмұны
|
Сағат саны
|
Өтетін мерзімі
|
|
Математиканың шығу тарихынан
|
11
|
|
1
|
Арифметиканың шығу тарихы
|
1
|
|
2
|
Сандар туралы алғашқы түсінік
|
1
|
|
3
|
Адамның сандарды алғашқы жазу тәсілі
|
1
|
|
4-6
|
Логикалық есептер
|
3
|
|
7
|
Гаусс әдісіне есептер шығару
|
1
|
|
8
|
Көру иллюзиясына есептер шығару
|
1
|
|
9
|
Көзбен мөлшерлеуге арналған викторина
|
1
|
|
10
|
Жай және құрама сандар тарихы
|
1
|
|
11
|
Бөлшектің шығу тарихы
|
1
|
|
|
Математикалық тарихи есептер шығару
|
13
|
|
12-13
|
Математикалық тарихи есептер шығару
|
2
|
|
14-15
|
Математикалық ойындар
|
2
|
|
16-17
|
Арифметикалық ребус
|
2
|
|
18-19
|
Сандарды әртүрлі жүйеде жазу
|
2
|
|
20-21
|
Математикалық софизм
|
2
|
|
22-23
|
Математикалық фокустар
|
2
|
|
24
|
Математикалық тарихи викториналар
|
1
|
|
|
Теңдеу құруға есептер шығару
|
10
|
|
25-26
|
Теңдеу құруға есептер
|
2
|
|
27-28
|
Мәтінді есептер шығару
|
2
|
|
29-30
|
Математикалық ойындар
|
2
|
|
31
|
Процент тақырыбына есептер шығару
|
1
|
|
32-33
|
Қиындығы жоғары есептер шығару
|
2
|
|
34
|
Көңілді сайыс
|
1
|
|
«Қызықты математика әлемінде»
Сыныбы: 5
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: оқушылардың алған білімдерін өмірде, математикалық есептеулерде практикалық іс-әрекеттерде қолдана білу.
2. Дамытушылық: Қабілетті оқушыларды шығармашылыққа баулу, олардың ізденушілік қасиеттерін, ойлау қабілеттерін дамыту.
3. Тәрбиелік: Еңбек сүйгіштікке, өзін - өзін басқаруға, ұйымшылдыққа және дәлдікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:топтық сайыс
Сабақтың әдістері:жарыс, сұрақ-жауап, практикалық
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивтік тақта, команданың эмблемасы, таратпа материалдар.
Сабақтың барысы:
1-жүргізуші: Армысыздар, ұстаздар мен оқушылар!
Білім іздеп, инемен құдық қазғандар,
Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді.
Би билеп, ән де бүгін шырқалар - дегендей, қош келіпсіздер бүгінгі ойнымызға.
2-жүргізуші: Әркімнің өз бақыты талғамы да
Қасиетті де, бойдағы арманы да
Дана халқым қабыл ал сәлемімді
Математика сүйер жас қауым алдарыңызда!
Сайысуға келдік біз қуанышпен,
Өнер, білім көрсетіп жарысуға
Сынау үшін өздерінің бақтарын
Шықсын кәне, өнерімен ортамызға. Ортаға 5-ші сынаптар топтарын шақырамыз. Қошеметпен қарсы алыңыздар!
1-жүргізуші:
Мінеки залда тыныштық,
Естілмейді дыбыс түк,
Мұны бізде қоштаймыз,
Кешіккенді тоспаймыз.
Ғылымдардың ғылымы
Математика жайында
Сайысты біз бастауға,
Әділ қазы сайлаймыз.
1. __________________________________________
2. __________________________________________
3. __________________________________________
Сайыс барысы:
І-тур. Топтың таныстыруы
ІІ-тур. «Кім алғыр?» ойыны
1. Шырпымен ойын.
2. Сөз құрастыру
3. «Адымда - ойлан» ойыны (математикалық терминдер)
ІІІ-тур. Ойнайық та, ойлайық «Мақал- мәтелді жалғастыр»
IV-тур.Математикалық фокус.
1. Сиқырлы сандар.
2. Сиқырлы шаршылар.
3. Көңілді көбейту.
V-тур. Математикалық лото ойыны
VI-тур. Топ басшылар сайысы. Семантикалық карта
1-жүргізуші: Бүгінгі шәкірт ертеңгі азамат. Сол азамат бойында тапқырлықты, алғырлықты қалыптастыру мектеп қабырғасынан басталады.
2-жүргізуші: «Білімді азамат –ел ертеңі», «Білікті бірді, білімді мыңды жығар» деген халықтың даналық сөзі бар- дей отырып сіздерге Ақ жол тілейміз.
1-жүргізуші:
І-тур.Топтың таныстыруы
Енді бірінші сайысымызда топтарға сәттілік тілеп, таныстыру сайысын бастаймыз. (Әр топ өздерін таныстырады)
2-жүргізуші:
ІІ-тур. «Кім алғыр?» ойыны:
1. Шырпымен ойын.
2. Сөз құрастыру.
3. «Адымда - ойлан» ойыны. Математикалық терминдер.
1. Шырпымен ойын.
а)11 шырпыны қолданып үш тең шаршы және 12 шырпымен екі шаршы құрастыру.
ә) 10 шырпыны қолданып үш тең шаршы және 12 шырпымен бес шаршы құрастыру .
2. Сөз құрастыру.
а) осуқ, аузйта, ретат, өйбутек, уөбл. (артық сөздің астын сызу)
ә) бершең, тремдиа, усиадр, тренц, тепмек. (артық сөздің астын сызу)
3. « Адымда - ойлан» ойыны. Математикалық терминдер.
а) П әрпінен басталатын математикалық термин сөздерді адымдап айту керек.
ә) С әрпінен басталатын математикалық термин сөздерді адымдап айту керек.
1-жүргізуші:
Өз ойыңды жүйелейтін,
Алған білімді түйіндейтін,
Әр нәрсенің жауабын тез
Есте сақтап күлімдейміз.-дей отырып, келесі сайысымызға көшелік.
Ойнайық та, ойлайық.
ІІІ-тур «Мақал-мәтелді жалғастыр» ойыны (әр топқа кезекпен мақал-мәтелдердің бастамасы оқылады).
1. Екі жақсы қас болмас, екі жаман дос болмас.
2. Бес бармақ жиналса, жұдырық болады.
3. Отыз тістен шыққан сөз, отыз рулы елге тарайды.
4. Бір кісі қазған құдықтан, мың кісі су ішеді.
5. Досыңды үш күн сынама, үш жыл сына.
6. Бір түйір дәнде, бір тамшы тері бар.
7. Алты аға бірігіп әке болмас, жеті жеңгең бірігіп ана болмас.
8. Ер бір рет өледі, қорқақ мың рет өледі.
9. Қырық кісі бір жақ, қыңыр кісі бір жақ.
10. Жеті рет өлшеп, бір рет кес.
11. Бір тал кессең,он тал ек.
12. Алдыңа бір қарасаң, артыңа он қара.
2-жүргізуші:
Шыққанша құмардан
Талмай есеп шығарған
Дәл бүгінгі кездесуде
Білімменен сыналған деп, келесі сайысымызға көшелік.
Do'stlaringiz bilan baham: |