Бақылау сұрақтары:
1) Су төмендету дегеніміз не?
2) Ашық кен қазу орнында табиғи суларды қорғауға бағытталған шараларды айтып
беріңіз.
3) Жер беті, жер асты, топырақ қабатындағы су режиміне және оның сапасына қатты әсер ететін факторлар.
9-Дәріс. Су бассейнін қорғау
Су бассейнін (табиғи суды) қорғау ұғымы белгіленген су пайдалану тәртібін сақтау, яғни оны тиімді пайдаланып, оның ресурстарын сақтап, қалпына келтіріп отыруды білдіреді.
Табиғи суларды қорғау олардың күйін және сапасын тұрақты түрде бақылап отырып (гидрогеологиялық, гидрологиялық, санитарлық) ұйымдастыру, экономикалық, инженерлі-техникалық (технологиялық, гидротехникалық, орманмелиоративтік, агротехникалық) шараларын іс жүзінде қолдану арқылы шешіледі.
Табиғи су қорғау шараларын әзірлеу және қолдану үш түрлі әдістемелік негіздер арқылы тұрғызылады:
1) су ресурстарын сақтау және оның күйі мен сапасының төмендеуіне жол бермеу;
2) қолданғанда тиімді пайдалану;
3) қолданғанда және қолданып болғанда оның сапасын және алғашқы күйін және қор мөлшерін қалыпқа келтіру;
Қолдану процесінде және осы принциптерге сәйкес табиғи су қорғау шаралары екі топқа бөлінеді. Бірінші топқа жер беті және жер асты суларының сапасын, режимін, қорын сақтауға бағытталған шаралар жатады. Екінші топқа суды тиімді қолдануға, оны тазартып, айдын, өзендерге және жер асты деңгейжиектеріне қайтаруға бағытталған, алғашқы қалпына келтіру сипаты бар шаралар жатады.
Жер үсті және жер асты сулары сапасын, режимін, қорын сақтау.
Егер кен орнын дренаждаудан алынған суды қажеттілікке жарату мүмкін болмаса, онда жер асты қорын сақтау үшін төмендегі шараларды қарастыру керек.
1) Қазба жұмыстары жүргізіліп жатқан кен жынысы қыртысындағы суды төменгі деңгейжиекке тастау немесе насоспен айдау; 2) «Топырақ қабатындағы қабырға» типті бараждар, су сүзілуіне қарсы тосқауылдар, гидро және пневмотосқаулар кеңінен орын алған. Әдетте, ол үшін жер бетінен су соратын және су айдайтын ұңғымалар жүргізіледі.
Су сүзілуіне қарсы тосқауылдар салу
Мұндай тосқауылдар салу нәтижесінде төмендегідей маңызды мәселелер шешуге болады:
1) кен жұмыстары жүргізіліп жатқан аймаққа су келуін тоқтатуға немесе оның көлемін азайтуға болады. Бұл дренаждаумен алынып айдын, ағымдарға тасталатын су мөлшерін азайтуға мүмкіндік береді;
2) кен орын маңайындағы ауданның жер асты су қорын сақтап қалады.
3) жер асты суының табиғи режимін сақтап қалады;
Соңғы мәселенің жер асты суы қарсты массивтерде орналасқан кен орындарында мәні зор. Кен орнын құрғатқанда жер асты суына төмен минералданған су қосылады. Бұл карст процесстерінің тездетілуіне әкеп соқтырады. Кен орны маңайындағы бөлікшеден су алу аз мөлшерде, кей кездері мүлдем су алынбағандықтан бұл әдіс «енжар құрғату» деп аталады.
Соңғы кездері «топырақ қабатындағы қабырға» әдісі құрылыс және тау-кен жұмыстары жүргізілгенде кең қолданылады. Бұл әдіс су жиналған деңгейжиектерді тікесінен кесіп өтетін су өткізбейтін материалдардан қабырғалар орнатуға негізделген.
«Су сүзілуіне қарсы тосқауылдар» салу әдісі терең орналасқан деңгейжиектерге ұңғымалар арқылы түрлі тампонаждау материалдарын қысыммен айдауға негізделген. Бұл әдіс халық шаруашылығына тиетін кері әсер залалын азайтады.
Сонымен, суы мол кен орындарын өндіруге, сақтану шараларына қолданудың табиғи су қорларын сақтауда мәні өте зор, әрі үлкен халық шаруашылық әсері бар.
Do'stlaringiz bilan baham: |