EAS 3323. Эстрадалық ән салу ІІІ
AO 2210.2 Әншілік өнер ІІ. 2 кредит
Пререквизиттер:
EAS 1202.
Эстрадалық ән салу I.
Пәннің мақсаты:
Дауыс аппараты туралы түсінік.
Дайындық
жаттығулары (кезеңдері бойынша). Тыныс алу ережелері.
Дауысты сақтау және оның гигиенасы.
Пәннің қысқаша сипаттамасы:
Кәсіби орындау шеберлігі
қалыптасқан, дауыс қалыптастырудың барлық саласынан
білімдар және оларды өз шәкірттеріне толыққанды жеткізе
алатын,
өзбетінше жұмыс істеуге қабілетті музыка
мұғалімдерін даярлау.
Күтілетін нәтижелер: -
ән салу кезiнде әр нотаны үздiксiз,
нақты айту;
-
өз мүмкіндігіне орай репертуар таңдай білуге машықтандыру;
-
ән айту шеберлігін меңгере отырып, заман талабына сай
жаңашылдық енгізе алу қабілетіне тәрбиелеу;
-
өңделуiне сапасына назар аудару;
-
демді дұрыс пайдалану техникасын білу;
Білімі:
Студентті ән айтуға, өзбетінше өз дауыстарына
лайықты шығармалар таңдауына, жұмыс істеуіне т.б.
ұғымдарын
қалыптастыруға,
білімдерін
толықтырып,
мағлұмат беру.
Меңгеруі:
Дауыс көзге көрінетін нәрсе емес, оны қоюда
оқытушының “вокалдық есту құлағы” өте үлкен роль
атқарады. Ауыздан шығып жатқан үннің қаншалықты дәл өз
орнын тауып тұрғанын тек құлақтың мықтылығымен ғана
ажыратуға болады. Актерлік-шығармашылық шеберлікті
пайдалану. Сахна қозғалысын меңгеру. Әннің сипатына
бейнелер жасау.
Дағдысы:
Студентті тәрбиелеуде оның бойындағы туа біткен
табиғи мүмкіндіктерін дамыту, бағалау, сенім, үлгі көрсету,
талап ету арқылы жауапкершілігін жетілдіру және адамдармен
қарым-қатынастарын қалыптастыруға дағдылану.
Пәнді игеру барысында қалыптасатын құзіреттіліктер:
-
«Ән салу өнері» пәні туралы жалпы түсінігі болу. Мәдени-
тынығу
жұмысын
ұйымдастырушыларына
эстрадалық
ұжымда немесе ансамбльде жұмыс жасау үшін вокалдық-
техникалық дағдыларын дамытуды қарастырады. (Ән салу
бағыты үнемі өзгеріп отыратындықтан, аталған пәнді
жүргізуші ондағы болып жатқан өзгерістерді дәл уақытында
біліп, игеріп, сол жаңалықтарды студенттерге жеткізіп отыруы
тиіс).
- оқытылатын пәнде тек жалаң ән айтуға үйретіп қана қоймай,
қазақ, орыс және шетелдік заманауи әндерді, халық әндерін
қазіргі эстрада үлгісінде мәнерлеп айтуға дағдылануы;
- орындалатын әндерге деген жалпы түсінігі;
- мәдени ошақтарында өтетін концерттер мен авторлық кештерге
қызығушылықтарын арттыру;
–
әншілік өнері дағдыларын меңгеру және оның
ерекшеліктерін білу;
- әнді дұрыс айту үшін әр түрлі вокалдық және мақамдық
жаттығуларды жасай білу;
Постреквизиттер:
Do'stlaringiz bilan baham: |